https://sputnik.kz/20250418/atauly-aleumettik-komek-beriletin-kezde-bank-shottary-tekseriledi-52599108.html
Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергендердің банк шоттары тексеріледі
Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергендердің банк шоттары тексеріледі
Sputnik Қазақстан
Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы бұйрыққа өзгеріс енгізді 18.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-18T10:58+0500
2025-04-18T10:58+0500
2025-04-18T10:59+0500
атаулы әлеуметтік көмек
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009586_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_d1855aa440ad669048873eacb373aa3a.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанға дейін қазақстандықтардың банк шоттары тексеріледі.Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына енгізілген өзгерісте айтылған.Мақсаты – нақты мұқтаж азаматтарға жиынтық кірістер мен шығыстарды айқындауды ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсету.Өзгерістер шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Құжат шығыс операциялары, банктік шоттардағы, банктік қарыздардағы, микрокредиттегі, жинақ салымындағы, депозиттегі ақша қаражатының қозғалысы туралы мәліметтер алуды қарастырады.Бірақ ақпарат мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер келіскен кезде ғана алынады. Күтілетін нәтижелердің мерзімі – 2025 жылғы желтоқсан айы.
https://sputnik.kz/20250417/biyl-qansha-qazaqstandyq-atauly-aleumettik-komek-aldy-52566035.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009586_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_f990e6586d7f17c3fb9edd12064fdafa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атаулы әлеуметтік көмек
Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергендердің банк шоттары тексеріледі
10:58 18.04.2025 (жаңартылды: 10:59 18.04.2025) Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы бұйрыққа өзгеріс енгізді
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанға дейін қазақстандықтардың банк шоттары тексеріледі.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына енгізілген өзгерісте айтылған.
Мақсаты – нақты мұқтаж азаматтарға жиынтық кірістер мен шығыстарды айқындауды ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсету.
Өзгерістер шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құжат шығыс операциялары, банктік шоттардағы, банктік қарыздардағы, микрокредиттегі, жинақ салымындағы, депозиттегі ақша қаражатының қозғалысы туралы мәліметтер алуды қарастырады.
"Бұйрық жобасын қабылдау нақты мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы сипаты мен ашықтығын күшейтуге және мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұйрық жобасын қабылдау болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды", - деп жазылған бұйрықта.
Бірақ ақпарат мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер келіскен кезде ғана алынады. Күтілетін нәтижелердің мерзімі – 2025 жылғы желтоқсан айы.