https://sputnik.kz/20250417/zhanuarlarynyn-terisi-men-zhunin-shetelge-shygaruga-qoyylgan-kedendik-bazh-salygy-zhoyylady--52567903.html
Тері мен жүнді шетелге шығаруға салынатын кедендік баж салығы алынып тасталады
Тері мен жүнді шетелге шығаруға салынатын кедендік баж салығы алынып тасталады
Sputnik Қазақстан
Жеңілдік үш жыл мерзімге енгізіліп, кейін қайта қарау мүмкіндігі сақталады 17.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-17T10:34+0500
2025-04-17T10:34+0500
2025-04-17T10:43+0500
мемлекеттік баж
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/1040/38/10403820_0:61:3077:1791_1920x0_80_0_0_e64e14cb605631877ae21fc9a8b084ac.jpg
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін экспорттауға салынатын кедендік баж салығын алып тастау мақұлданды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Жеңілдік үш жыл мерзімге енгізіліп, кейін қайта қарау мүмкіндігі сақталады. Шешімнің басты себебі — өндірілетін шикізаттың көп бөлігі ішкі нарықта аса сұранысқа ие емес. Нақтырақ айтқанда, тері мен жүнді өңдеу және экспорттау деңгейі әлі де төмен болып отыр. Қазіргі таңда ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына сәйкес, қолданыстағы экспорттық баж салығы мөлшері мынадай: Ішкі нарық қажеттілігі мен тері-жүн экспорты арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырады. Қажет болған жағдайда өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларды ескере отырып, тиісті шараларды жедел түрде қабылдайды.
https://sputnik.kz/20240912/eaeo-auyl-sharuashylygy-tekhnikasynyn-keybir-turlerine-bazh-salygy-salynbaydy-47040487.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1040/38/10403820_118:0:2847:2047_1920x0_80_0_0_04d9d5740d38a792b5bd08d0a37121db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік баж, ауыл шаруашылығы министрлігі
мемлекеттік баж, ауыл шаруашылығы министрлігі
Тері мен жүнді шетелге шығаруға салынатын кедендік баж салығы алынып тасталады
10:34 17.04.2025 (жаңартылды: 10:43 17.04.2025) Жеңілдік үш жыл мерзімге енгізіліп, кейін қайта қарау мүмкіндігі сақталады
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін экспорттауға салынатын кедендік баж салығын алып тастау мақұлданды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Жеңілдік үш жыл мерзімге енгізіліп, кейін қайта қарау мүмкіндігі сақталады. Шешімнің басты себебі — өндірілетін шикізаттың көп бөлігі ішкі нарықта аса сұранысқа ие емес. Нақтырақ айтқанда, тері мен жүнді өңдеу және экспорттау деңгейі әлі де төмен болып отыр.
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыру және өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында өңдеуге өткізілген шикізатқа субсидия беру шаралары қарастырылып жатыр. Тері мен жүнге салынатын экспорттық баж салығын алып тастау, ең алдымен, ірі және ұсақ мал өсіретін фермерлердің шығындары мен қалдықтарды жоюға жұмсалатын шығыстарды азайтуға себін тигізеді. Өндірістік-бөлу тізбектерін дамытуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге, өнім өндіруші және экспорттаушы отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына сәйкес, қолданыстағы экспорттық баж салығы мөлшері мынадай:
ірі және ұсақ мал терілері мен басқа да өңделмеген терілердің экспортына — тоннасына 200 еуро;
жүн экспортына — 10%, бірақ тоннасына кемінде 50 еуро.
Ішкі нарық қажеттілігі мен тері-жүн экспорты арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырады. Қажет болған жағдайда өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларды ескере отырып, тиісті шараларды жедел түрде қабылдайды.