Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтады
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Ақордада жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын
Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов,
Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс,
Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда,
Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун,
Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки,
Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш,
Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.
1 мая в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясында кадрлық ауыс-түйіс жасады
Жаңалықтар
0