Шерзат Полаттың ісі: қорғаушылар қарсылық білдірді

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
Сот ғимаратын өзгертпейтін болсаңыз, бізге онлайн қатысуға мүмкіндік беріңіз, деді жәбірленуші тараптың өкілі
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Шерзат Полаттың сотында сотталушылардың қорғаушылары мен жәбірленуші тараптың өкілдері судьяға сот отырысын Талдықорғанда өткізуге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сот ғимаратын өзгертпейтін болсаңыз, бізге онлайн қатысуға мүмкіндік беріңіз. Өйткені барып-келу, жол қаражаты қиындық тудыруда. Барлығымыздың келуімізге ыңғайсыз. Бүгін бір адвокат кешіксе, ертең бірнеше адвокат кешігеді. Өткендегі өтініш хатты басқа тараптың пікірін ескермей қарауыңызды заңсыздық деп есептейміз. Егер бас тартатын болсаңыз, жазбаша түрде қаулы шығаруыңызды сұраймыз", - деді жәбірленуші тараптың өкілі.
Судья бұл шешім өзгермейтінін, сот Талдықорғанда өтетінін баса айтты.
"Сотқа онлайн қатысуға мүмкіндік жоқ. Себебі тікелей трансляция жүріп жатыр, дауысыңыз естілмей немесе басқа жағдай болуы мүмкін. Сол себепті сот залына келіп қатысуларыңыз керек", - деді судья.
Шерзат Полаттың әжесі де денсаулығына байланысты сотты Алматыға ауыстыруды сұрады.
"Сот отырысына өкілдеріңіз қатысып отырғандықтан, өздеріңізді сот отырысынан босату туралы өтініш хат беруге болады. Сіздер жауап беретін кезде келсеңіздер де болады", - деді судья Ержан Жанұзақов.
Қысқасы сот залында өтініш айтқан екі тараптың ұсынысы да қабылданбады.
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты екінші сот отырысы өтіп жатыр.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасы белгісіз адамдармен жанжалдасып, салдарынан жасөспірім қайтыс болды. Ал 12 қазанда бұл отбасы тұрған үй өртке оранды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Арада екі ай өткен соң, 10 желтоқсанда Шерзаттың туыс ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды. Ресми мәлімет бойынша ол өзіне қол салған. Адвокаттары оған қысым болмағанын мәлімдеді.
Жерлеу рәсімінде Шерзат Полаттың әкесі жанжал шығарып, кейін ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Шерзаттың туыстарына айыппұл салынды.
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Шерзаттың өлімі: төрт күдікті бұған дейін сотталған
Жаңалықтар
0