Қозғалыс жабылады: Астанада жаңа көше құрылысы басталды

Астанада жаңа көше құрылысы басталды
Астанада жаңа көше құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
Қозғалыс баламалы көшелер мен орамішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылады
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Астанада Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Қасым Қайсенов көшесінің құрылысы басталады, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы нақтылағандай, осыған байланысты, 2025 жылдың 20 сәуірі мен 20 тамызы аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылады.
Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен орамішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылады.
Әкімдіктегілер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет екенін хабарлады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане   - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2025
Астанада LRT тестілік режимде қашан іске қосылады
Жаңалықтар
0