https://sputnik.kz/20250417/pavlodarda-oqu-orny-mugalimderdin-enbek-demalysyn-zansyz-qysqartqan-52586776.html
Павлодарда оқу орны мұғалімдердің еңбек демалысын заңсыз қысқартқан
Павлодарда оқу орны мұғалімдердің еңбек демалысын заңсыз қысқартқан
Sputnik Қазақстан
Мұғалімдер мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану жағдайларына байланысты демалыстарын қайтадан ауыстыруына тыйым салынған 17.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-17T21:23+0500
2025-04-17T21:23+0500
2025-04-17T22:16+0500
мұғалім
прокуратура
https://sputnik.kz/img/285/47/2854767_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_cfd25eba0091340becaddbf94a37cb21.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде "Toraighyrov university" 1225 қызметкерінің конституциялық құқықтарының бұзылғаны анықталды.Бас прокуратура хабарлағандай, университет педагогтары үшін заңмен көзделген демалыс мерзімдері екі есе қысқарған.Сонымен қатар, мұғалімдер мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану жағдайларына байланысты демалыстарын қайтадан ауыстыруына тыйым салынған. Ал, аталған себептер бойынша демалыстарды ауыстыру Еңбек кодексімен де реттелген.Нәтижесінде, прокуратураның қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ұжымдық келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізілді және білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
https://sputnik.kz/20250410/myndagan-qazaqstandyq-khalyqaralyq-izdeude-zhur---bas-prokuratura-52351895.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/47/2854767_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_d82f386f2d3fb96a95504c196b49dfbd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, прокуратура
Павлодарда оқу орны мұғалімдердің еңбек демалысын заңсыз қысқартқан
21:23 17.04.2025 (жаңартылды: 22:16 17.04.2025) Мұғалімдер мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану жағдайларына байланысты демалыстарын қайтадан ауыстыруына тыйым салынған
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде "Toraighyrov university" 1225 қызметкерінің конституциялық құқықтарының бұзылғаны анықталды.
Бас прокуратура хабарлағандай, университет педагогтары үшін заңмен көзделген демалыс мерзімдері екі есе қысқарған.
"Атап айтқанда, университеттің ұжымдық келісім-шартында Еңбек кодексін бұза отырып, педагогтарға тек 30 күн демалыс берілетіні көрсетілген, ал заң бойынша 56 күн берілуі тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, мұғалімдер мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану жағдайларына байланысты демалыстарын қайтадан ауыстыруына тыйым салынған. Ал, аталған себептер бойынша демалыстарды ауыстыру Еңбек кодексімен де реттелген.
Нәтижесінде, прокуратураның қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ұжымдық келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізілді және білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.