"Хандар шежіресі" қолжазбасы ЮНЕСКО бағдарламасының тізіміне енді

"Хандар шежіресі" қолжазбасы ЮНЕСКО бағдарламасына енді
Хандар шежіресі қолжазбасы ЮНЕСКО бағдарламасына енді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
XVIII ғасырда бұл құжатты белгісіз автор түркі шағатай тілінде жазған
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 221-ші сессиясында "Хандар шежіресі" қолжазбасы "Әлем жады" халықаралық тізіміне енгізілді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Париждегі ЮНЕСКО бас пәтеріндегі сессияның жалпы отырысына Қазақстан тарапы да қатысты. "Ғылым ордасы" кітапханасының қорындағы "Хандар шежіресі" қолжазбасының ЮНЕСКО-ның "Әлем жады" халықаралық тізіміне енгізілуі Қазақстан үшін осы сессиядағы айтулы оқиғалардың бірі болды.
XVIII ғасырда бұл құжатты белгісіз автор түркі шағатай тілінде жазған. Қолжазбада Құранда аталған пайғамбарлардың және мемлекет билеушілерінің шежірелері, олардың өмірбаяндары, Қазақ даласының, Орталық Азия мен Таяу Шығыстың тарихи оқиғалары мен географиясы сипатталады.
"Хандар шежіресі" – қазақтар және көршілес халықтардың тарихы мен тіліне зерттеу жүргізетін ғалымдар үшін құнды дерек көзі болып табылатын маңызды мәдени мұра.
1992 жылғы құрылған ЮНЕСКО-ның "Әлем жады" бағдарламасы құнды құжаттық мұраны (қағаз, аудиовизуалды, цифрлық немесе басқа форматтағы) жойылуын болдырмау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Тиісті мақсатта оның аясында халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде құжаттық мұра тізімдері жасалады.
Невеста. Обряд Беташар - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2024
Беташар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енді
Жаңалықтар
0