Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Катар Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөз алаңына айналуы мүмкін

© Photo : РИА "Новости"Юрий Ушаков
Юрий Ушаков - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
Ресей президентінің көмекшісі теориялық тұрғыдан бұл әбден мүмкін екенін айтты
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Катар теориялық тұрғыдан Ресей Федерациясы мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздер алаңына айналуы мүмкін, деді журналистерге РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Теориялық тұрғыдан бұл әбден мүмкін. Бірақ әлі нақты талқыланған жоқ", - деді Ушаков Катар Сауд Арабиясы сияқты Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер үшін тағы бір алаң бола ала ма деген сұраққа жауап беріп.
Сонымен қатар ол АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуіне қатысты мәлімет берді.
"Нақты күндер әлі келісілген жоқ, тіпті болатын жері де келісілген жоқ. Көп адам, атап айтқанда, америкалық әріптестер Эр-Рияд туралы айтып жатыр", - деді Ушаков.
Жаңалықтар
0