Билет бар, орын жоқ: Қазақстанда "овербукинг" үшін жауапкершілік енгізілді

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaҚазақстанда "Овербукинг" үшін жауапкершілік енгізілді
Қазақстанда Овербукинг үшін жауапкершілік енгізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
Жаңа нормаға сәйкес, әуе компаниясы ереже бұзғаны үшін 50 АЕК айыппұл төлеуі мүмкін
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Қазақстанда әуе компаниялары енді "овербукинг" тәжірибесін қолданып, билет санын орын санынан артық сата алмайды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.
Соңғы екі жылда Қазақстанда "овербукинг" тәжірибесі кейбір әуе тасымалдаушылары тарапынан, әсіресе танымал бағыттарда, мереке және демалыс күндері қолданылған.
Салдарынан жолаушылар қолында билеті бола тұра, ұшаққа отырғызылмай, балама жол іздеуге мәжбүр болған.
"Айта кету керек, бұған дейін билет болғанымен, борттағы орын берілмеген жағдайда жауапкершілік тек халықаралық рейстерге ғана қолданылатын. Осыған орай парламент мәжілісі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер енгізу мәселесін қарап, жауапкершілікті ішкі рейстерге де қолдануды мақұлдады" - делінген хабарламада.
Енді ішкі рейстерде де жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жаңа нормаға сәйкес, әуе компаниялары 50 АЕК, яғни 196 600 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Қабылданған шаралар әуе компанияларының қызметін бақылауды күшейтіп, жолаушылардың құқықтарын қорғауға, билетті артық сатылым салдарынан ұшаққа отырғызудан бас тарту жағдайларын жоюға мүмкіндік береді.
Қазақстанда ұшақтарда қуаттағыш құрылғыларды тасымалдау талаптары күшейеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Air Astana литий батареяларын тасымалдау талаптарын күшейтеді
Жаңалықтар
0