https://sputnik.kz/20250417/barakholkada-100-den-astam-zansyz-sauda-orny-zhoyyldy-52582619.html
"Барахолкада" 100-ден астам заңсыз сауда орны жойылды
"Барахолкада" 100-ден астам заңсыз сауда орны жойылды
Sputnik Қазақстан
Рейд барысында сауда және көріктендіру ережелерін бұзудың 42 дерегі анықталды 17.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-17T17:53+0500
2025-04-17T17:53+0500
2025-04-17T17:53+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/1280/85/12808588_0:85:1616:994_1920x0_80_0_0_da61ecf56f950c4b5a27bf2ee01df452.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Алматының Жетісу ауданында, Солтүстік айналма жол бойындағы базарлар маңында ауқымды рейдтер жүргізіліп, 100-ден астам заңсыз сауда орны жойылды.Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, сертификатсыз өнімдер, көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, киім-кешек пен тұрмыстық тауарлар санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайда және ешқандай рұқсатсыз сатылған. Бұл жағдай жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, аялдамаларды басып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндірген.Рейд барысында сауда және көріктендіру ережелерін бұзудың 42 дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. 70 текше метрден астам қоқыс шығарылды.Тексеріс "Алатау", "Сәлем", "Байсат" және "Ялян" базарлары маңында жүргізілді.Әкімдік мәліметінше, 15 сәуірден бастап Алматыда заңсыз сауданы жоюға бағытталған арнайы науқан басталды. Рейдтер күнделікті жүргізіліп, барлық заңбұзушылық толық жойылғанға дейін жалғасады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1280/85/12808588_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_293dfc96574f37bbe9c378d21790307c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
"Барахолкада" 100-ден астам заңсыз сауда орны жойылды
Рейд барысында сауда және көріктендіру ережелерін бұзудың 42 дерегі анықталды
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Алматының Жетісу ауданында, Солтүстік айналма жол бойындағы базарлар маңында ауқымды рейдтер жүргізіліп, 100-ден астам заңсыз сауда орны жойылды.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, сертификатсыз өнімдер, көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, киім-кешек пен тұрмыстық тауарлар санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайда және ешқандай рұқсатсыз сатылған. Бұл жағдай жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, аялдамаларды басып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндірген.
Рейд барысында сауда және көріктендіру ережелерін бұзудың 42 дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. 70 текше метрден астам қоқыс шығарылды.
Тексеріс "Алатау", "Сәлем", "Байсат" және "Ялян" базарлары маңында жүргізілді.
Әкімдік мәліметінше, 15 сәуірден бастап Алматыда заңсыз сауданы жоюға бағытталған арнайы науқан басталды. Рейдтер күнделікті жүргізіліп, барлық заңбұзушылық толық жойылғанға дейін жалғасады.