Ассамблея сессиясына барлық этномәдени бірлестікті тарту қажет - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы оларға жаңа қызметте табыс тіледі.
Президент қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде ҚХА ерекше рөл атқаратынын айтты.
Кездесу барысында президентке Ассамблеяның алдағы XXXIV сессиясына дайындық барысы және аталған институттың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тарту маңызды екеніне назар аударды.
Кездесу соңында президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Жаңалықтар
0