https://sputnik.kz/20250417/ana-sutinin-zheke-banki-qazaqstanda-zhana-tugan-sabilerge-arnalgan-zhana-zhoba-iske-qosyldy-52583383.html
Ана сүтінің банкі: Қазақстанда сәбилерге арналған жаңа жоба іске қосылды
Ана сүтінің банкі: Қазақстанда сәбилерге арналған жаңа жоба іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Банк - стерилді ыдыстарға жиналған және төмен температурада сақталатын сауылған ана сүтінің қоры 17.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-17T17:42+0500
2025-04-17T17:42+0500
2025-04-17T18:08+0500
жаңа туған сәби
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/old/1008/52/10085274_0:142:2956:1805_1920x0_80_0_0_032ae6c8d1beb6cfefd37bcce51d4737.jpg
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Алматы қаласының перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстан бойынша алғаш рет ана сүтінің жеке банкі іске қосылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. Банк - стерилді ыдыстарға жиналған және баланы тамақтандыру үшін төмен температурада сақталатын сауылған ана сүтінің қоры. Мұнда салқындатылған және қатырылған табиғи сүтті сақтауға болады.Ана сүтінің жеке банкі - бұл қарқынды терапияны қажет ететін жаңа туған нәрестелерді қолдауға бағытталған маңызды бастама. Әсіресе аурухана жағдайында, анасы нәрестесін емізуге мүмкіндігі болмаған жағдайда мұндай банк таптырмас ресурсқа айналады. Ана сүтін сауу мейіргердің бақылауымен міндетті таңбалануы бар стерилді жеке ыдыстарда жүзеге асырылады. Жеке және клиникалық емшек сорғыларын пайдалануға рұқсат етіледі. Барлық іс-шаралар санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Болашақта жоғары қауіпті факторлары бар жүкті әйелдер келетін және шала, салмағы аз бала туылатын әрбір 3-ші деңгейдегі перинаталдық орталығында осындай банктер ашу жоспарланған.
https://sputnik.kz/20250417/shymkentte-algash-ret-25-aylyq-sabige-sirek-ari-kurdeli-neyrokhirurgiyalyq-ota-zhasaldy--52570056.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1008/52/10085274_225:0:2956:2048_1920x0_80_0_0_8333f79b9f3f8cd8ea8a5f6a0b6cda7e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа туған сәби, денсаулық сақтау министрлігі
жаңа туған сәби, денсаулық сақтау министрлігі
Ана сүтінің банкі: Қазақстанда сәбилерге арналған жаңа жоба іске қосылды
17:42 17.04.2025 (жаңартылды: 18:08 17.04.2025) Банк - стерилді ыдыстарға жиналған және төмен температурада сақталатын сауылған ана сүтінің қоры
АСТАНА, 17 сәуір - Sputnik. Алматы қаласының перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстан бойынша алғаш рет ана сүтінің жеке банкі іске қосылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Банк - стерилді ыдыстарға жиналған және баланы тамақтандыру үшін төмен температурада сақталатын сауылған ана сүтінің қоры. Мұнда салқындатылған және қатырылған табиғи сүтті сақтауға болады.
"Бұл маңызды әлеуметтік жоба Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен және AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылып жатыр. Ол анасының сүтімен тікелей тамақтана алмайтын, ерекше медициналық бақылаудағы шала және жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтауға бағытталған", - делінген хабарламада.
Ана сүтінің жеке банкі - бұл қарқынды терапияны қажет ететін жаңа туған нәрестелерді қолдауға бағытталған маңызды бастама. Әсіресе аурухана жағдайында, анасы нәрестесін емізуге мүмкіндігі болмаған жағдайда мұндай банк таптырмас ресурсқа айналады.
"Реанимацияда жаңа туған нәрестелерінен мәжбүрлі түрде бөлінген аналарға қолдау көрсету өте маңызды. Емшек сүтін қауіпсіз сауу және сақтау процесін ұйымдастыру, нәрестелерді құнды тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар лактацияны сақтауға, аналардағы стресті азайтуға және ауыр, қиын босанғаннан кейін де баламен байланысын нығайтуға көмектеседі", - дейді ведомство.
Ана сүтін сауу мейіргердің бақылауымен міндетті таңбалануы бар стерилді жеке ыдыстарда жүзеге асырылады. Жеке және клиникалық емшек сорғыларын пайдалануға рұқсат етіледі. Барлық іс-шаралар санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.
Болашақта жоғары қауіпті факторлары бар жүкті әйелдер келетін және шала, салмағы аз бала туылатын әрбір 3-ші деңгейдегі перинаталдық орталығында осындай банктер ашу жоспарланған.