https://sputnik.kz/20250416/toqaev-zhasandy-intellekt-damyp-zhatqanda-qazaq-tilin-ilgeriletudin-mani-zor-52548485.html
Тоқаев: Жасанды интеллект дамып жатқанда қазақ тілін ілгерілетудің мәні зор
Тоқаев: Жасанды интеллект дамып жатқанда қазақ тілін ілгерілетудің мәні зор
Sputnik Қазақстан
2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T16:03+0500
2025-04-16T16:03+0500
2025-04-16T16:03+0500
ақорда
яндекс
https://sputnik.kz/img/07e9/04/10/52547644_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_ecf6b79194844f6afa66a7688eea1810.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Яндекс Global" компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде "Yandex Qazaqstan" компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылып, компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды. Сонымен қатар мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.Өз кезегінде Даниил Шулейко платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі "Яндекс. Такси" серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді. Сонымен қатар ол Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндап, "AI-Sana" бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.Айта кету керек,️ 2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 млрд теңгеден астам инвестиция құйған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/10/52547644_0:0:1141:855_1920x0_80_0_0_b0d6e81da6ba22be865832ba62ee40c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда, яндекс
Тоқаев: Жасанды интеллект дамып жатқанда қазақ тілін ілгерілетудің мәні зор
2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Яндекс Global" компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Кездесуде "Yandex Qazaqstan" компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылып, компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды. Сонымен қатар мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.
"Жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін айтты", - деп жазылған хабарламада.
Өз кезегінде Даниил Шулейко платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі "Яндекс. Такси" серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді. Сонымен қатар ол Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндап, "AI-Sana" бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.
Айта кету керек,️ 2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 млрд теңгеден астам инвестиция құйған.