https://sputnik.kz/20250416/tmu-keden-basshylarynyn-11-shi-otyrysy-turkistanda-otedi-52554862.html
ТМҰ кеден басшыларының 11-ші отырысы Түркістанда өтеді
ТМҰ кеден басшыларының 11-ші отырысы Түркістанда өтеді
Sputnik Қазақстан
Іс-шара осы жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T20:17+0500
2025-04-16T20:17+0500
2025-04-16T20:17+0500
түркістан
венгрия
https://sputnik.kz/img/07e9/04/10/52554645_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_afc656e071ef5c099700690501fe89af.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Будапештте (Венгрия) Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің кеден қызметтері басшыларының алғашқы бейресми кездесуі өтті, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.Қазақстандық делегацияны мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов бастап барды.Қатысушылар кедендік ынтымақтастықты дамыту, eTIR жүйесін енгізу және ТМҰ елдері арасында ақпарат алмасу бойынша техникалық шарттар жобасын келісу мәселелерін талқылады.Венгрияның цифрландыру және кедендік реформалар саласындағы тәжірибесіне, сондай-ақ оның ТМҰ рөліне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша елдің мемлекеттік кірістер комитеті мен Түркияның Кеден қызметі арасында алдын ала ақпарат алмасу бойынша техникалық шарттарға қол қойылды. Бұл тауарлардың қозғалысын жеделдетуге және шекарада бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.Комитет хабарлағандай, ТМҰ кеден әкімшілігі басшыларының 11-ші отырысы 2025 жылдың қыркүйегіінде Қазақстанның Түркістан қаласында өтеді.
https://sputnik.kz/20250410/toqaev-kuzde-maskeuge-memlekettik-saparmen-barady-dep-zhosparlanyp-otyr--sim-52359706.html
түркістан
венгрия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/10/52554645_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_7cf2add7847e6e05d5b49cfa5d820545.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, венгрия
ТМҰ кеден басшыларының 11-ші отырысы Түркістанда өтеді
Іс-шара осы жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Будапештте (Венгрия) Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің кеден қызметтері басшыларының алғашқы бейресми кездесуі өтті, деп хабарлады
мемлекеттік кірістер комитеті.
Қазақстандық делегацияны мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов бастап барды.
Қатысушылар кедендік ынтымақтастықты дамыту, eTIR жүйесін енгізу және ТМҰ елдері арасында ақпарат алмасу бойынша техникалық шарттар жобасын келісу мәселелерін талқылады.
Венгрияның цифрландыру және кедендік реформалар саласындағы тәжірибесіне, сондай-ақ оның ТМҰ рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша елдің мемлекеттік кірістер комитеті мен Түркияның Кеден қызметі арасында алдын ала ақпарат алмасу бойынша техникалық шарттарға қол қойылды. Бұл тауарлардың қозғалысын жеделдетуге және шекарада бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Комитет хабарлағандай, ТМҰ кеден әкімшілігі басшыларының 11-ші отырысы 2025 жылдың қыркүйегіінде Қазақстанның Түркістан қаласында өтеді.