Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Словакия Украинаға әскери көмек көрсетпейді - ел премьер-министрі

© РИА НовостиРоберт Фицо
Роберт Фицо - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
Фицоның айтуынша, Словакия үкіметі Украинамен бірлесіп гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға дайын
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Словакия Украинаға қару-жарақ сатып алуға бағытталған қаржылық жобаларға қатыспайды, деп мәлімдеді республика премьер-министрі Роберт Фицо. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Словакия үкіметі Украинаға әскери көмек түрінде ешқандай тегін техника бермейді және біз Украинаға қару-жарақ сатып алуға бағытталған қаржылық механизмдерге қатыспаймыз", - деді Фицо сәрсенбі күні Хорватия премьер-министрімен бірлескен баспасөз мәслихатында. Ол Хорватияға сапармен келген болатын.
Сонымен бірге, Фицоның айтуынша, Словакия үкіметі Украинамен бірлесіп гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға дайын.
Бұған дейін Фицо Еурокомиссияның Украинаны қолдауға ел бюджетінен қаржы бөлу туралы ұсынысын Словакия қолдамайтынын айтқан. Ол мемлекеттер Украинаға қаржылық көмек көрсету туралы шешімді Киевпен екіжақты келісімдер негізінде дербес қабылдауы керек деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0