Қазақстанда алғаш рет бүйректі үштік айқас трансплантаттау операциясы жасалды

© Sputnik/Ертай СарбасовОперация
Операция - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
Бірегей операция 12 сағатқа созылды
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстан медицинасының тарихында тұңғыш рет трансплантолог дәрігерлер командасы бірегей бүйректі үштік айқас трансплантаттау операциясын жасады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Операция "А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ базасында профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен орындалды.
"Бір күнде, 12 сағат ішінде медициналық көрсетілімдер бойынша туыстарымен сәйкес келмейтін пациенттердің арасында үш донорлық операция және үш бүйректі трансплантаттауды жүргізді. Айқас донорлық әдісінің арқасында олардың әрқайсысы жаңа өмірге мүмкіндік алды", - еп жазылған хабарламада.
Бүйректі айқас трансплантаттау бір уақытта бірнеше ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік береді және бір біріне туыс емес донорлар мен реципиенттердің арасында жүргізілді. Басқаша айтқанда, туысқан донор жақын адамына қан немесе тіндік үйлесімсіздікке байланысты көмектесе алмаса, дәрігерлер ұқсас жағдайы бар басқа отбасын табады. Егер жұптар бір-біріне сәйкес келсе - айырбас жасалады және операция мүмкін болады.
Қазақстан осындай жоғары технологиялық араласулар жүргізіліп жатқан әлемнің алты елінің қатарына кіретінін айта кеткен жөн. АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Түркия және Үндістанмен қатар біздің еліміз трансплантологияның дамуының жоғары деңгейін көрсетеді, өйткені мұндай операцияларды жүргізу жоғары біліктілік пен шеберлікті талап етеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2024
Астанада егізге жүкті әйелдің жатырындағы нәрестеге алғаш рет ота жасалды
Жаңалықтар
0