Орталық Азияның ортақ телеарнасы ашылады – министр мәлімдеме жасады

Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
Silk Way телеарнасына бірлесіп контент дайындау бойынша нақты шешімдер қабылданды
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық Азияның ортақ телеарнасын ашу мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанадағы II Орталық Азия медиафорумында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Әзербайжан өкілдері кездесіп, бірлескен медиа жобаларды шығару мәселесін талқылады.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, арнайы кездесуде нақты шешімдер қабылданды.
"Біз Silk Way телеарнасының жұмысына кірісіп, бірлесіп контент дайындау бойынша нақты шешімдерді қабылдадық. Осылайша, қазіргі кезде Орталық Азия елдері өңірдегі ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен телеарна мен өңірлік медиаплатформаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру үстінде",-деді Балаева форумның пленарлық отырысында.
Министр медиа саласында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстанның бірнеше ұсынысын жариялады. Атап айтқанда,
Орталық Азияның журналистік академиясын құру,
өңірлік креативті хабын ашу,
журналистика саласында Орталық Азия сыйлығын тағайындау,
“Біздің адамдар” тележобасын іске қосу,
Наурызға арналған телекөпір ұйымдастыру,
сериалдар үшін төлемді азайту немесе мүлдем алып тастау,
тағы басқа бастамалар бар.
Айта кетері, былтыр Астанадағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуінде ортақ телеарна немесе интернет портал ашу мәселесі талқыланған болатын.
Жаңалықтар
0