https://sputnik.kz/20250416/kiprde-sottalgan-qazaqstandyqtar-zhazasyn-elde-otey-alady-52558241.html
Кипрде сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтей алады
Кипрде сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтей алады
Sputnik Қазақстан
2022 жылдың қазан айында Қазақстан кипрлік тараппен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және адамдарды экстрадициялау туралы келісімдер... 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T22:32+0500
2025-04-16T22:32+0500
2025-04-16T22:32+0500
экстрадицияланды
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/362/13/3621305_0:48:4929:2820_1920x0_80_0_0_37607021b366e915f52fe998a093de0c.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда.Құжат екі мемлекетті де сотталғандарды жазасын өтеу үшін олар азаматы болып табылатын мемлекетке беруге міндеттейді.Ол үшін негізгі мына үш шарт орындалуы керек:Қазақстан мен Кипр сотталғандарды беру туралы келісімге 2024 жылдың наурызында Кипр сыртқы істер министрі Константинос Комбос Астанаға келген кезде қол қойды.Құжатта сотталғандарды беруден бас тартудың шарттары да қарастырылған.Үкім шығарылған тарап елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін деп есептесе, сотталған адамды тапсыру жүзеге асырылмайды.Олар сондай-ақ мына жағдайларда да азаматты беруден бас тартуы мүмкін:
https://sputnik.kz/20250307/100-mln-tengege-kasipkerdi-san-soqtyrgan-alayaq-germaniyadan-qazaqstanga-ekstraditsiyalandy-51422560.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/362/13/3621305_259:0:4632:3280_1920x0_80_0_0_a2cba8ed0ef302eaa2732ffa57ef3d00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экстрадицияланды, қауіпсіздік
экстрадицияланды, қауіпсіздік
Кипрде сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтей алады
2022 жылдың қазан айында Қазақстан кипрлік тараппен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және адамдарды экстрадициялау туралы келісімдер жасасқан
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады
Ақорда.
Құжат екі мемлекетті де сотталғандарды жазасын өтеу үшін олар азаматы болып табылатын мемлекетке беруге міндеттейді.
Ол үшін негізгі мына үш шарт орындалуы керек:
сотталған адамда екі елдің бірінің азаматтығы болуы керек;
экстрадициялауға сотталған адамның келісімі;
адам сотталған әрекет екі елде де қылмыс болып есептелуі керек.
Қазақстан мен Кипр сотталғандарды беру туралы келісімге 2024 жылдың наурызында Кипр сыртқы істер министрі Константинос Комбос Астанаға келген кезде қол қойды.
Құжатта сотталғандарды беруден бас тартудың шарттары да қарастырылған.
Үкім шығарылған тарап елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін деп есептесе, сотталған адамды тапсыру жүзеге асырылмайды.
Олар сондай-ақ мына жағдайларда да азаматты беруден бас тартуы мүмкін:
сотталған адам үкім бойынша келтірілген зиянды өтемесе,
үкім шығарылған елде сотталған адамға қатысты қылмыстық қудалау жүріп жатса.