https://sputnik.kz/20250416/er-adam-turme-aumagyna-araq-alyp-kirmek-bolgan-52550426.html
Ер адам түрме аумағына арақ алып кірмек болған
Ер адам түрме аумағына арақ алып кірмек болған
Sputnik Қазақстан
Ер адам мекемеге шлакоблок бұйымдарын жеткізбек болған 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T17:57+0500
2025-04-16T17:57+0500
2025-04-16T17:57+0500
полиция
түрме
https://sputnik.kz/img/old/884/30/8843054_0:281:2645:1769_1920x0_80_0_0_faec8b8999d0f55dbfec08104695d6d2.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында тыйым салынған зат тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №31 мекеменің өндірістік аймағындағы көлік өткізу бақылау бекетінде жүк көлігін тексеру барысында заңбұзушылық анықталды. Ер адам мекемеге шлакоблок бұйымдарын жеткізбек болған. Тексеру барысында көліктің жүк бөлігінен 0,7 литрлік ішімдік бөтелкесі табылып, тәркіленді.Аталған дерек ҚАЖК-нің ақпараттық жүйесіне тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар полиция бөліміне жолданды.Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне бару ережелеріне сәйкес мекеме аумағына кірер алдында барлық тұлға рұқсат етілген және тыйым салынған заттар тізімімен қолхат арқылы танысып, жауапкершілік туралы жазбаша әрі ауызша түрде ескертіледі.Алкоголь секілді тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізуге немесе өткізуге әрекеттену үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл — ескерту беру немесе 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу түрінде жазаланады. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау шарасы қолданылуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20250329/abay-oblysynda-turme-aumagyna-2-kg-gashish-tastamaq-bolgan-er-adam-ustaldy-52025671.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/884/30/8843054_0:33:2645:2017_1920x0_80_0_0_d4d5569d59bdf77a579602e251764cc9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, түрме
Ер адам түрме аумағына арақ алып кірмек болған
Ер адам мекемеге шлакоблок бұйымдарын жеткізбек болған
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында тыйым салынған зат тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №31 мекеменің өндірістік аймағындағы көлік өткізу бақылау бекетінде жүк көлігін тексеру барысында заңбұзушылық анықталды. Ер адам мекемеге шлакоблок бұйымдарын жеткізбек болған. Тексеру барысында көліктің жүк бөлігінен 0,7 литрлік ішімдік бөтелкесі табылып, тәркіленді.
Аталған дерек ҚАЖК-нің ақпараттық жүйесіне тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар полиция бөліміне жолданды.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне бару ережелеріне сәйкес мекеме аумағына кірер алдында барлық тұлға рұқсат етілген және тыйым салынған заттар тізімімен қолхат арқылы танысып, жауапкершілік туралы жазбаша әрі ауызша түрде ескертіледі.
Алкоголь секілді тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізуге немесе өткізуге әрекеттену үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл — ескерту беру немесе 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу түрінде жазаланады. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау шарасы қолданылуы мүмкін.