Эндаумент-қорларда қыруар қаржы жиналды - министр соманы жариялады

© Sputnik / Санат ИмангалиевСаясат Нұрбек
Саясат Нұрбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
Қазір елімізде 22 эндаумент-қор жұмыс істейді
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек эндаумент-қорларда жиналған қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Қазақстанда 20-дан астам эндаумент-қор бар. Барлығы білім
"Мәселен, қазір iQanat мектептер желісі, Әл-Фараби, жаңа желілер бар. Ол эндаумент-қорда шамамен 20 млн долларды жиналды. Бұл - өте үлкен сомма. 10 млрд теңгеден асады. Бұдан бөлек, "Қазақстан халқына", "Жүрек орталығы", "Қазақ тілі" қоғамы және тағы басқа қорлар жұмыс істейді", - деді Нұрбек мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал депутат Екатерина Смолякованың айтуынша, эндаумент-қорлардың басым бөлігі ақшаны депозитте ұстайды.
"Қазір елімізде 22 эндаумент-қор жұмыс істейді. Алайда олардың тек аз бөлігі қор нарығына инвестиция салып, түскен кірісті жоғары оқу орындарына, мектептерге немесе медициналық орталықтарға бағыттайды. Қалғаны ақшаны депозиттерде сақтайды немесе бірден жұмсап жібереді", - деді Смолякова.
Айта кетері, бүгін депутаттар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының (эндаумент-қорлардың) қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізц туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
"Ұлттық қор – балаларға": БЖЗҚ 9 млн доллардан астам қаржы аударды
Жаңалықтар
0