Бала су толы шұңқырға құлады: әкім қызметтен кетті

© Sputnik / Владислав ВодневМемлекеттің қызметшінің креслосы
Мемлекеттің қызметшінің креслосы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
Қала әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына сөгіс жарияланған
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласының аудандарының бірінде су жиналған шұңқырдың қоршалмауы салдарынан баланың мерт болуына байланысты әкімдік қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданылды.
Қалалық әкімдік хабарлағандай, атап айтқанда қала әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына сөгіс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды.
"Ал, Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов қызметінен босатылды. Аудан әкімі лауазымынан босатылуына Р.Мүлкемановтың қызметте бұған дейін жіберген кемшіліктерінен бөлек осы оқиға нақты әрі соңғы себеп болғанын жеткіземіз", - деп ресми ақпарат таратты әкімдік өкілдері.
Еске салайық, 12 сәуір күні Шымкенттің Қаратау ауданы, Тұран-2 шағын ауданындағы №10 көшеде шалшық су жиналған шұңқырға 6 жастағы бала түсіп кетіп, көз жұмды.
Жаңалықтар
0