Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЕвразийская международная книжная выставка-ярмарка "EURASIAN BOOK FAIR – 2024"
Евразийская международная книжная выставка-ярмарка EURASIAN BOOK FAIR – 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
Іс-шараға Ресей, Өзбекстан және басқа елдерден 70-ке жуық компания келеді
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Астанадағы Қазақстан президентінің орталығында 23-27 сәуір күндері "Astana Eurasian Book Fair – 2025" VIII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі болмақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Astana Eurasian Book Fair – 2025" көрмесіне Қазақстан, Ресей, Түркия, Испания, Иран, Өзбекстан, Португалия және Қытай елдерінен 70-ке жуық баспа, кітап сату, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады", - деп жазылған хабарламада.
Көрменің басты мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап нарығындағы жаңа өнімдерді көрсету, баспа саласындағы заманауи технологияларды таныстыру және халықаралық әріптестікті дамыту.
Көрме аясында төмендегідей іс-шаралар өтеді:
Балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған кітаптардың таныстырылымдары;
Танымал жазушылармен және ақындармен кездесулер, автограф-сессиялар;
Кәсіби кездесулер мен пікірталастар;
Балалар алаңында кітап оқу, шеберлік сабақтары және шығармашылық кездесулер;
Құнды сыйлықтар ұтысы.
Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні, сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.
Көрме аясында дәстүрлі түрде "Жылдың үздік кітабы" байқауы келесі номинациялар бойынша өтеді:
Жыл кітабы;
Үздік дебют;
Үздік көркем әдебиет;
Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;
Түріксойдың Гран-приі.
"Astana Eurasian Book Fair – 2025" кітап көрме-жәрмеңкесін "Фолиант" баспасы ұйымдастырып отыр.
Жаңалықтар
0