https://sputnik.kz/20250416/astana-mektebinde-erekshe-bala-qatarlasyn-zharalady-52540374.html
Астана мектебінде ерекше бала қатарласын жаралады
Астана мектебінде ерекше бала қатарласын жаралады
Sputnik Қазақстан
Баланы оқыту нысанын қайта қарау үшін денсаулық сақтау ұйымына жіберілді 16.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-16T13:26+0500
2025-04-16T13:26+0500
2025-04-16T13:26+0500
астана
жарақат
бала
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0c/51540504_0:132:1280:853_1920x0_80_0_0_cb9e837f1e73a3e94507e60c8d8a0dcf.jpg
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде ерекше бала оқушыны жаралады, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.Мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар бала оқушы қыздың бетінен маркермен ұрған. Маркер қыздың бетін жаралап, ата-анасы ауруханада тіктірген.Ведомствоның мәліметінше, арнайы хаттама жасалған."Баланың мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту нысанын қайта қарау үшін денсаулық сақтау ұйымына жіберілді. Ерекше баланың ата-анасы зардап шеккен оқушының ата-анасынан кешірім сұрады. Үйінде бала екі інісіне өте қамқор екенін айтты", - дейді білім басқармасы.
https://sputnik.kz
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0c/51540504_89:0:1226:853_1920x0_80_0_0_e9966ff0c30383eb235082265e37d3c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жарақат, бала
Астана мектебінде ерекше бала қатарласын жаралады
Баланы оқыту нысанын қайта қарау үшін денсаулық сақтау ұйымына жіберілді
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде ерекше бала оқушыны жаралады, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.
Мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар бала оқушы қыздың бетінен маркермен ұрған. Маркер қыздың бетін жаралап, ата-анасы ауруханада тіктірген.
"Бұл ерекше бала осы мектепте екінші жыл оқиды. Осы уақытқа дейін ол құрдастарына агрессивті мінез-құлық танытпаған. Қазіргі уақытта бала уақытша үйіне жіберілді", - деді білім басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, арнайы хаттама жасалған.
"Баланың мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту нысанын қайта қарау үшін денсаулық сақтау ұйымына жіберілді. Ерекше баланың ата-анасы зардап шеккен оқушының ата-анасынан кешірім сұрады. Үйінде бала екі інісіне өте қамқор екенін айтты", - дейді білім басқармасы.