Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгердің жеке заттары туыстарына табысталды

© Посольство России в Казахстане Соғысқа қатысқан жауынгер Төкен Мендішевтің жеке заттары туыстарына табысталды
Соғысқа  қатысқан жауынгер Төкен Мендішевтің жеке заттары туыстарына табысталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
Жазылу
Соғыста із-түссіз жоғалған қазақ жауынгерінің медальоны Ленинград облысында табылды
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Астанадағы мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Ұлы Отан соғысында із-түзсіз жоғалып кеткен Төкен Меңдішевтің медальоны мен жеке заттары туыстарына табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ресей елшілігіне сілтеме жасап.
Төкен Меңдішев Омбы облысында 1907 жылы туған. Соғысқа ағасы Қайыргелді екеуі аттанған екен. Ағасы үйіне оралған, ал Төкен із-түзсіз жоғалды. Қайыргелді оны өмір бойы іздеді. Бірақ таба алмай, мәңгілік сапарға аттанған.
2024 жылы 7 мамырда Волгоград мемлекеттік медициналық университетінің студенті Ольга Байбородова "Любань" экспедицияның құрамында Төкен Меңдішевтің медальонын Ленинград облысында тапты. Ал екі күннен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық жауынгердің туыстары табылды. Іздестіру жасақтары олармен бейнебайланысқа да шықты. Сол кезде Мендішевтің медальоны мен жеке заттарын салтанатты түрде тапсыруға келісілді.
Бүгін Астанадағы мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Төкен Меңдішевтің медальоны мен жеке затттары – сарбаздың киімдері, оқ қалтасы, қасығы мен винтовканың кілті ағасының балалары мен немерелеріне табысталды.
"Бұл шара Қазақстан мен Ресейдің отан соғысы батырларының есімін сақтауға және ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте қалдыруға деген ниетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Мамандардың есебіне сәйкес, бүгінде 3 млн-нан астам қазақстандық соғыс кезінде жоғалып кеткен жақындары мен туыстарын іздестіріп жүр. Олардың жалпы саны 270 мың адамнан асады", - дейді елшілік мамандары.
Соңғы 5 жылдың ішінде қазақстандық және ресейлік іздестіру топтарының арқасында ҚазКСР-дан шыққан 28 мың сарбазға қатысты ақпарат табылды. Олардың сүйегі мен жеке заттары Қазақстанға жіберіліп отырады.
Айта кетері, бүгінгі шара Удмуртия делегациясының жұмыс сапары аясында өтті. Төкен Меңдішевтің медальонын тапқан студент Ольга Байбородова да келді.
Калининградта Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловқа мемориалдық тақта ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Калининградта Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловқа мемориалдық тақта ашылды
Жаңалықтар
0