Шығыс Қазақстанда 5 теміржол бекеті жаңғыртылады

© Photo : Министерство транспорта КазахстанаТеміржол вокзалын жаңғырту
Теміржол вокзалын жаңғырту - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
Жазылу
Қазір Шығыс Қазақстан облысының аумағында 6 жолаушылар пойызы тұрақты жүреді
АСТАНА, 15 сәуір - Sputnik. Қазақстанда 125 вокзал мен оған іргелес аумақтарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарлама ресми түрде іске қосылды. Осы бағдарлама аясында Шығыс Қазақстан облысындағы бес теміржол вокзалы жаңартылады, деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.
Олардың қатарында облыс орталығының негізгі көлік торабы – "Өскемен-1" вокзалы, сондай-ақ туристік бағыттар үшін маңызды бекеттер – "Алтай", "Күмістау", "Риддер" и "Шемонаиха" бар.
Қазір Шығыс Қазақстан облысының аумағында 6 жолаушылар пойызы тұрақты жүреді.
Жылсайынғы жолаушылар ағыны 360 мыңнан астам адамды құрайды. Облысішілік жолаушылар тасымалы облыстық бюджеттен субсидияланады және субсидиялар көлемі жылына 470 млн теңгеден асады.
"Бұл өзгерістер облыс тұрғындары мен қонақтары үшін теміржол қатынасының қолжетімділігін арттырады, сонымен қатар көлік инфрақұрылымының сапасына оң әсерін тигізеді. Бұл да аймақтағы әлеуметтік жағдайдың жақсаруына және туризм саласының дамуына ықпал етеді деп күтілуде", - делінген хабарламада.
Жалпыреспубликалық бағдарлама аясындағы жұмыстар 2025 жылдың 25 қазанына дейін аяқталуы тиіс.
Жаңалықтар
0