Ресейдегі Қытай елшісі Қазақстан арқылы РФ-тен газ жеткізуге қатысты пікір білдірді

© Photo : Пресс-служба министерства финансов Казахстана Ресейдегі ҚХР елшісі Қазақстан арқылы газ тарту идеясын жоққа шығарды
Ресейдегі ҚХР елшісі Қазақстан арқылы газ  тарту идеясын жоққа шығарды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 сәуір - Sputnik. Ресейден Қытайға Қазақстан арқылы газ жеткізу мүмкін емес, өйткені Азияның екі елі арасында өтетін газ құбыры пайдаланылып жатыр, деді ҚХР-дың Ресейдегі елшісі Чжан Ханьхуэй. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Қазақстан арқылы өтетін бір ғана газ құбыры бар, оның өзі шамадан тыс жүктелген. Ол Түрікменстаннан Қытайға газ айдайды. Біз сондай-ақ Тарим ойпатында (ҚХР-дың батысында - ред.) газ өндіреміз, Ганьсу және Шаньси провинцияларында да газ өндіреміз, олар да осы бағыт бойынша шығысқа газ айдайды", - деді дипломат Еуразиялық мұнай-газ форумында журналистерге.
Ол осы бағыт бойынша ресейлік газды тасымалдау үшін жаңа газ құбырын салу керек екенін атап өтті. Және екі жақ ұл мәселені зерттеп жатқанын, бірақ ол Ресей тарапына бұл мүмкін еместігін айтқан.
Газовое оборудование на газовом месторождении, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Қазақстанда 2030 жылға қарай 74 млрд текше метр газ өндіру жоспарлануда – вице-министр
Жаңалықтар
0