https://sputnik.kz/20250415/qyzylorda-oblysynda-zhogalgan-baqtashylar-tabyldy-52518883.html
Қызылорда облысында жоғалған бақташылар табылды
Қызылорда облысында жоғалған бақташылар табылды
Sputnik Қазақстан
Олар Қаракеткен ауылынан жайылымдағы малды іздеп шыққан 15.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-15T21:12+0500
2025-04-15T21:12+0500
2025-04-15T21:23+0500
полиция
малшы
іздеу
https://sputnik.kz/img/1221/76/12217694_0:159:3077:1889_1920x0_80_0_0_1e534d2192556ecff57ef08365e92ff5.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысында полицейлер жергілікті шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташыларын іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.Таңертең Жалағаш аудандық полиция бөліміне үш күн бұрын үш бақташының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.Олар Қаракеткен ауылынан жайылымдағы малды іздеп шыққан. Уақытылы оралмаған соң, отбасы мүшелері өз күштерімен іздеуге тырысқан. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінген.Аталған дерек тіркеліп, адам жоғалу дерегі бойынша қажетті шаралар қолға алынды. Хабар түсе салысымен полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын бастап кетті.Полицейлер, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және ауыл тұрғындарынан арнайы топ құрылып, жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық елдімекені мен далалық жолдары толық қамтылды.Тоғыз сағатқа созылған іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Бүгін сағат 16:00 шамасында Жалағаш ауданына қарасты, кенттен 160 шақырым жердегі Шақ-Шақ атты далалық аймақтан жоғалған малшыларды аман-есен табылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1221/76/12217694_173:0:2902:2047_1920x0_80_0_0_b51fc2929e7ec55e759c4b5377068d4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, малшы, іздеу
Қызылорда облысында жоғалған бақташылар табылды
21:12 15.04.2025 (жаңартылды: 21:23 15.04.2025) Олар Қаракеткен ауылынан жайылымдағы малды іздеп шыққан
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысында полицейлер жергілікті шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташыларын іздеп тапты, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Таңертең Жалағаш аудандық полиция бөліміне үш күн бұрын үш бақташының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.
Олар Қаракеткен ауылынан жайылымдағы малды іздеп шыққан. Уақытылы оралмаған соң, отбасы мүшелері өз күштерімен іздеуге тырысқан. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінген.
Аталған дерек тіркеліп, адам жоғалу дерегі бойынша қажетті шаралар қолға алынды. Хабар түсе салысымен полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын бастап кетті.
Полицейлер, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және ауыл тұрғындарынан арнайы топ құрылып, жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық елдімекені мен далалық жолдары толық қамтылды.
Тоғыз сағатқа созылған іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Бүгін сағат 16:00 шамасында Жалағаш ауданына қарасты, кенттен 160 шақырым жердегі Шақ-Шақ атты далалық аймақтан жоғалған малшыларды аман-есен табылды.