https://sputnik.kz/20250415/qarashyganaq-ken-ornynda-gaz-ondeu-zauyty-salynady-52479561.html
Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауыты салынады
Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауыты салынады
Sputnik Қазақстан
Өндірісте жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіріледі деп жоспарлануда 15.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-15T08:30+0500
2025-04-15T08:30+0500
2025-04-15T08:31+0500
газ өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_dba34b3eebfa01b4461eb02e3b455283.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов пен Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уирт Қарашығанақ кен орнында жаңа газ өңдеу зауытын салу мәселесін қарады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Өндірісте жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіріледі деп жоспарлануда.Сондай-ақ тараптар қолданыстағы бірлескен жобаларды іске асыруды, KPI алғашқы полипропилен зауыты жұмысы мен қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна өнім өндіретін ірі полиэтилен кешенін салу аясында отандық мұнай-газ химиясын дамыту перспективаларын талқылады.Теңіз кен орнында Келешек кеңейту жобасын (ККЖ) іске асыруға назар аударылды.Энергетика министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып, Теңіз қорларын ұтымды игеру үшін жобалық шешімдерді өзектендіру, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қолдау жөніндегі бағдарламаны дайындау қажеттілігі аталып өтті.Сонымен қатар мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру және энергоресурстарды жеткізудің жаңа тізбектерін құру мәселелері талқыланды.
https://sputnik.kz/20250411/qazaqstanda-2030-zhylga-qaray-74-mlrd-tekshe-metr-gaz-ondiru-zhosparlanuda--vitse-ministr-52417743.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_33e2ed44861374296415ce8d8487b34c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ өңдеу зауыты
Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауыты салынады
08:30 15.04.2025 (жаңартылды: 08:31 15.04.2025) Өндірісте жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіріледі деп жоспарлануда
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов пен Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уирт Қарашығанақ кен орнында жаңа газ өңдеу зауытын салу мәселесін қарады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Өндірісте жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіріледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ тараптар қолданыстағы бірлескен жобаларды іске асыруды, KPI алғашқы полипропилен зауыты жұмысы мен қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна өнім өндіретін ірі полиэтилен кешенін салу аясында отандық мұнай-газ химиясын дамыту перспективаларын талқылады.
Теңіз кен орнында Келешек кеңейту жобасын (ККЖ) іске асыруға назар аударылды.
"Олжас Бектенов ішкі қосылған құнды ұлғайтуға бағдарланған Теңіз базасында өнеркәсіптік кластерді дамыту арқылы жергілікті қамтуды одан әрі ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына үлкен серпін береді", - деп жазылған хабарламада.
Энергетика министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып, Теңіз қорларын ұтымды игеру үшін жобалық шешімдерді өзектендіру, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қолдау жөніндегі бағдарламаны дайындау қажеттілігі аталып өтті.
Сонымен қатар мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру және энергоресурстарды жеткізудің жаңа тізбектерін құру мәселелері талқыланды.