https://sputnik.kz/20250415/politsiya-alayaqtar-zhana-ayla-oylap-tapqanyn-eskertti-52483409.html
Полиция алаяқтар жаңа айла ойлап тапқанын ескертті
Полиция алаяқтар жаңа айла ойлап тапқанын ескертті
Sputnik Қазақстан
Олар 1414 сервисінен келген SMS-кодты айтуыңызды сұрайды 15.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-15T10:19+0500
2025-04-15T10:19+0500
2025-04-15T10:19+0500
полиция
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Астана полициясы алаяқтар жаңа айла ойлап тапқанын ескертті.Ведомствоның мәліметінше кейінгі уақытта алаяқтар "Астана-РЭК" және "Астана су арнасы" атынан қоңырау шалып, есептегіштерді ауыстыру қажет деген сылтау айтатын болған.Бұл әрекеттердің бәрі – алаяқтардың құрбандардың банк карталары мен депозиттеріне қол жеткізу үшін жасап жатқан амалдары, кейін олардан ақша алып немесе несие рәсімдейді."Ресми ұйым қызметкерлері ешқашан телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайтынын білу маңызды. Бұл кодтар құпия ақпарат болып саналады және оларды бөгде адамдарға айту сіздің қаражатыңыз бен жеке деректеріңіздің жоғалуына әкелуі мүмкін", - деп ескертті полиция.Егер қоңырау немесе хабарлама күдік тудырса, тиісті ұйымның қолдау қызметіне тікелей хабарласу қажет.
https://sputnik.kz/20250403/zhoq-zhiazdy-satqan-alayaq-sottaldy---52181588.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алаяқтық
Полиция алаяқтар жаңа айла ойлап тапқанын ескертті
Олар 1414 сервисінен келген SMS-кодты айтуыңызды сұрайды
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Астана полициясы алаяқтар жаңа айла ойлап тапқанын ескертті.
Ведомствоның мәліметінше кейінгі уақытта алаяқтар "Астана-РЭК" және "Астана су арнасы" атынан қоңырау шалып, есептегіштерді ауыстыру қажет деген сылтау айтатын болған.
"Олар 1414 сервисінен келген SMS-кодты айтуыңызды сұрайды, содан кейін сіздің атыңызға кредит рәсімделіп жатқанын айтады. Қаражатыңызды қорғаймыз деген сылтаумен барлық қаражатыңызды шешіп алып, Ұлттық банктің "резервтік шотына" аударуға, несие рәсімдеп, оны "қауіпсіз шотқа" аударуға, депозиттегі қаражатты шешіп алып, оны "арнайы қызметтерге" немесе "банкке" тапсыруға көндіреді", - деп жазылған хабарламада.
Бұл әрекеттердің бәрі – алаяқтардың құрбандардың банк карталары мен депозиттеріне қол жеткізу үшін жасап жатқан амалдары, кейін олардан ақша алып немесе несие рәсімдейді.
"Ресми ұйым қызметкерлері ешқашан телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайтынын білу маңызды. Бұл кодтар құпия ақпарат болып саналады және оларды бөгде адамдарға айту сіздің қаражатыңыз бен жеке деректеріңіздің жоғалуына әкелуі мүмкін", - деп ескертті полиция.
Егер қоңырау немесе хабарлама күдік тудырса, тиісті ұйымның қолдау қызметіне тікелей хабарласу қажет.