https://sputnik.kz/20250415/paradqa-dayyndyq-ulttyq-ulan-zhauyngerlerinin-kiimi-ulttyq-elementtermen-ornekteledi-52481591.html
Парадқа дайындық: Ұлттық ұлан жауынгерлерінің киімі ұлттық элементтермен безендіріледі
Парадқа дайындық: Ұлттық ұлан жауынгерлерінің киімі ұлттық элементтермен безендіріледі
Sputnik Қазақстан
Киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер айрықша көзге түседі 15.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-15T09:28+0500
2025-04-15T09:28+0500
2025-04-15T09:39+0500
жеңістің 80 жылдығы
әскери парад
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52480127_0:9:1280:729_1920x0_80_0_0_7651ce98576baf718c46c43f43b7d6bc.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Ұлттық ұлан Жеңіс күніне арналған салтанатты әскери шеруге қатысатын жауынгерлердің әскери киімі қалай тігіліп жатқанын көрсетті.Киімдер арнайы сапалы матадан тігіліп, әскери талаптарға сай пішілуде. Бұл киімдер мерекелік шараның сән-салтанатын арттырып қана қоймай, сап түзейтін сарбаздардың сырт келбетіне салмақты реңк береді.Тігін цехы мамандарының айтуынша, әрбір форма үлгісі нақты өлшемдер бойынша, жауынгердің дене бітіміне сай әзірленіп, максималды ыңғайлылық пен жинақылықты қамтамасыз етеді.Киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер көзге айрықша түседі. Бұл — Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің дәстүр мен заманауи келбетті үйлестіре отырып, Жеңіс күнінің рухын асқақтата түсуіне бағытталған шешім.Айта кетейік, Жеңіс күніне арналған шеруге Ұлттық ұланнан 400-ден астам әскерилер қатысады. Оның ішінде патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілерінен және "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерінен тұратын екі есептік топ сап түзеп өтеді. Сондай-ақ Қазақстанның Күш құрылымдарының құрама оркестрінің сапындағы құқықтық тәртіп әскерлерінің 30 әскери қызметшісі Жеңіс шеруін музыкамен сүйемелдейді.Ал қазіргі уақытта республика бойынша Ұлттық ұланда 30-ға жуық тігін шеберханасы бар. Онда 40-тан астам әскери қызметші қызмет етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52480127_55:0:1192:853_1920x0_80_0_0_1aca6949c90eb05c9f875d0a99c605e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери парад
Парадқа дайындық: Ұлттық ұлан жауынгерлерінің киімі ұлттық элементтермен безендіріледі
09:28 15.04.2025 (жаңартылды: 09:39 15.04.2025) Киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер айрықша көзге түседі
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Ұлттық ұлан Жеңіс күніне арналған салтанатты әскери шеруге қатысатын жауынгерлердің әскери киімі қалай тігіліп жатқанын көрсетті.
Киімдер арнайы сапалы матадан тігіліп, әскери талаптарға сай пішілуде. Бұл киімдер мерекелік шараның сән-салтанатын арттырып қана қоймай, сап түзейтін сарбаздардың сырт келбетіне салмақты реңк береді.
Тігін цехы мамандарының айтуынша, әрбір форма үлгісі нақты өлшемдер бойынша, жауынгердің дене бітіміне сай әзірленіп, максималды ыңғайлылық пен жинақылықты қамтамасыз етеді.
"Әскери форма – бұл жауынгердің ішкі тәртібін, рухын, мақтаныш сезімін бейнелейтін маңызды бөлік. Сондықтан біз киімнің әрбір тігісіне, матаның сапасына, бөлшектердің үйлесіміне үлкен мән береміз", – дейді тігін цехының шебері Гүлнұр Әбен.
Киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер көзге айрықша түседі. Бұл — Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің дәстүр мен заманауи келбетті үйлестіре отырып, Жеңіс күнінің рухын асқақтата түсуіне бағытталған шешім.
Айта кетейік, Жеңіс күніне арналған шеруге Ұлттық ұланнан 400-ден астам әскерилер қатысады. Оның ішінде патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілерінен және "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерінен тұратын екі есептік топ сап түзеп өтеді. Сондай-ақ Қазақстанның Күш құрылымдарының құрама оркестрінің сапындағы құқықтық тәртіп әскерлерінің 30 әскери қызметшісі Жеңіс шеруін музыкамен сүйемелдейді.
Ал қазіргі уақытта республика бойынша Ұлттық ұланда 30-ға жуық тігін шеберханасы бар. Онда 40-тан астам әскери қызметші қызмет етеді.