https://sputnik.kz/20250415/khayp-pa-qyzmet-pe-talgar-akimi-aleumettik-zheli-arqyly-problema-sheship-zhur-52515261.html
Хайп па, қызмет пе: Талғар әкімі әлеуметтік желі арқылы проблема шешіп жүр
Хайп па, қызмет пе: Талғар әкімі әлеуметтік желі арқылы проблема шешіп жүр
Sputnik Қазақстан
Арыстанбек әкімнің әлеуметтік желіде небәрі 36 оқырманы болыпты 15.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-15T18:01+0500
2025-04-15T18:01+0500
2025-04-15T18:01+0500
әкім
талғар
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32545316_0:130:3177:1917_1920x0_80_0_0_a010c29c5091cac24416de1b6f90c777.jpg
АСТАНА, 15 сәуір - Sputnik. Алматы облысы Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілхайырұлы тұрғындардың мәселесін әлеуметтік желі арқылы шешіп жүр. Тiktok арқылы танымал болған әкімнің мақсаты не, хайп па, қызмет пе? Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.Енді талғарлықтар әкімнің қабылдауына апта бұрын жазылып, сарылып сағат күтпейді. Әкімнің әлеуметтік желісіне жаза салса болғаны, әкім бірден бейнежазба арқылы жауап береді немесе айтқан жеріңізге өзі шауып келеді.Қала әкімінің желідегі ақпаратын облыстық басшылық көріп, ә дегенде шоши қараған. "Қалжыңдаспай дұрыстап сөйле" деп те ескерту жасаған. Бірақ әдептен аспаған әкімнің халықпен бұл байланысын кері көріп, әрі қарай қудалай қоймапты.Арыстанбек әкімнің әлеуметтік желіде небәрі 36 оқырманы болыпты, Tiktok-қа шыққалы ол оқырманға қарық болған, үш аптада 40 мың адам тіркеліпті."Макс деген тұрғын жекеме жазып өкпелепті: "Бірнеше рет өтіндім неге жауап бермейсіз? Біздің мәселеміз қашан шешіледі" депті. Сосын "Макс, қазір барам үйіңе" деп видео жазып үйіне барсам, Макс жұмыста екен. Содан танымал боп кетіппін. Мақсатым - хайп, ұпай жинау емес, өзім тілеп алған еңбек жолында халықтың мәселесі шешілсе деймін", - дейді әкім.Алдыма келген ешбір адамның көңілі қалғанын қаламаймын деген Арыстанбек әкім Талғарға басшы болғанына - 4 ай. Әлеуметтік желі арқылы жауап беруге еш ерінбеймін, мәселесін айтқан тұрғынға ары кетсе екі күнде жауап беремін дейді.Әкімнің айтуынша, ол осы бетінен таймайды. Халық мәселесін шешу үшін әлеуметтік желіде күндіз-түні отыруға бар.Қысқасы, талғарлықтардың тасы өрге домалап тұр. Айтқан жерлеріне әкімдері шауып кеп, жағдайлары түзеле бастаған көрінеді. Бұған дәлел - әкім парақшасына жазылған жағымды пікір көп.
https://sputnik.kz/20250314/mektep-bagdarlamasyna-ludomaniyanyn-aldyn-alu-sabagyn-engizu-qazhet--oblys-akimi-51622322.html
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32545316_224:0:2953:2047_1920x0_80_0_0_e7136615654aff0c2a9c90612d208ef7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
әкім, талғар
Хайп па, қызмет пе: Талғар әкімі әлеуметтік желі арқылы проблема шешіп жүр
Арыстанбек әкімнің әлеуметтік желіде небәрі 36 оқырманы болыпты
АСТАНА, 15 сәуір - Sputnik. Алматы облысы Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілхайырұлы тұрғындардың мәселесін әлеуметтік желі арқылы шешіп жүр. Тiktok арқылы танымал болған әкімнің мақсаты не, хайп па, қызмет пе? Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.
Енді талғарлықтар әкімнің қабылдауына апта бұрын жазылып, сарылып сағат күтпейді. Әкімнің әлеуметтік желісіне жаза салса болғаны, әкім бірден бейнежазба арқылы жауап береді немесе айтқан жеріңізге өзі шауып келеді.
"Орынбасарым мен мобилограф маман осылай істесек қалай болады деп ұсыныс жасады. Расымен тұрғынға бірден жауап беруге, мәселенің тез шешілуіне үлкен мүмкіндік екен. Басында рас жүрексіндім, халық қалай түсінеді, теріс пікір қалыптасады-ау деп ойладым", - дейді Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілхайырұлы.
Қала әкімінің желідегі ақпаратын облыстық басшылық көріп, ә дегенде шоши қараған. "Қалжыңдаспай дұрыстап сөйле" деп те ескерту жасаған. Бірақ әдептен аспаған әкімнің халықпен бұл байланысын кері көріп, әрі қарай қудалай қоймапты.
Арыстанбек әкімнің әлеуметтік желіде небәрі 36 оқырманы болыпты, Tiktok-қа шыққалы ол оқырманға қарық болған, үш аптада 40 мың адам тіркеліпті.
"Макс деген тұрғын жекеме жазып өкпелепті: "Бірнеше рет өтіндім неге жауап бермейсіз? Біздің мәселеміз қашан шешіледі" депті. Сосын "Макс, қазір барам үйіңе" деп видео жазып үйіне барсам, Макс жұмыста екен. Содан танымал боп кетіппін. Мақсатым - хайп, ұпай жинау емес, өзім тілеп алған еңбек жолында халықтың мәселесі шешілсе деймін", - дейді әкім.
Алдыма келген ешбір адамның көңілі қалғанын қаламаймын деген Арыстанбек әкім Талғарға басшы болғанына - 4 ай. Әлеуметтік желі арқылы жауап беруге еш ерінбеймін, мәселесін айтқан тұрғынға ары кетсе екі күнде жауап беремін дейді.
Әкімнің айтуынша, ол осы бетінен таймайды. Халық мәселесін шешу үшін әлеуметтік желіде күндіз-түні отыруға бар.
"Кейбір таныстар жұмыс жұмысымен, бірақ демалу керек деп айтып жатыр. Өзіме осы әлеуметтік желі сондай ұнады. Жиналыс, қарбалас тірлік, халықты тыңдауға мұрша болмайды. Ал мынау телефонмен отырып алып тез жұмыс істейсің. Егер биліктегілер осылай жұмыс істесе, іс ілгері басар еді деп ойлаймын", - дейді Арыстанбек Әбілхайырұлы.
Қысқасы, талғарлықтардың тасы өрге домалап тұр. Айтқан жерлеріне әкімдері шауып кеп, жағдайлары түзеле бастаған көрінеді. Бұған дәлел - әкім парақшасына жазылған жағымды пікір көп.