https://sputnik.kz/20250415/euraziyalyq-damu-banki-qazaqstandagy-zhobalarga-1-mlrd-dollar-saludy-kozdep-otyr-52490874.html
Еуразиялық даму банкі Қазақстандағы жобаларға 1 млрд доллар салуды көздеп отыр
Еуразиялық даму банкі Қазақстандағы жобаларға 1 млрд доллар салуды көздеп отыр
Sputnik Қазақстан
Банк былтыр Қазақстан экономикасына 1,4 миллиард доллар қаржы салған 15.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-15T12:09+0500
2025-04-15T12:09+0500
2025-04-15T12:09+0500
инвестиция
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52490543_36:0:1240:677_1920x0_80_0_0_65c071eb27120fcfc9d12872354f64cb.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасына былтыр 1,4 миллиард доллар қаржы салған, ал инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60 пайызға жеткен.Қазақстан Республикасы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында аталған банк елімізге 3,8 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл меже мерзімінен бұрын орындалғаны туралы мәлімет берілді. Биыл банкке жалпы сомасы 4,5 миллиард доллардан асатын жобалар ұсынылды.Николай Подгузовтың айтуынша, ЕАДБ серіктестермен және көпжақты ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, сондай-ақ өздері ұйымдастыратын халықаралық іс-шаралар арқылы Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инвестиция тарту ісіне белсенді атсалысуға ниетті.Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.Еуразиялық даму банкі – инвестициялық қызметін Еуразия кеңістігінде жүргізетін көпжақты даму банкі. Оның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылы ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 305 жоба енді. Банк өз жұмысында көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграцияға тиімді әсер ететін жобаларға басымдық береді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52490543_186:0:1089:677_1920x0_80_0_0_7e1ac697dbfa147ee131e9444e009a68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция, қазақстан
Еуразиялық даму банкі Қазақстандағы жобаларға 1 млрд доллар салуды көздеп отыр
Банк былтыр Қазақстан экономикасына 1,4 миллиард доллар қаржы салған
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасына былтыр 1,4 миллиард доллар қаржы салған, ал инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60 пайызға жеткен.
Қазақстан Республикасы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында аталған банк елімізге 3,8 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл меже мерзімінен бұрын орындалғаны туралы мәлімет берілді. Биыл банкке жалпы сомасы 4,5 миллиард доллардан асатын жобалар ұсынылды.
"Еуразиялық даму банкі энергетикалық нысандарды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін, көлік және логистика салаларын дамыту бағыттарына, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге, инфрақұрылым нысандары құрылысына, өнеркәсіп және цифрлық технологияларға қатысты жобаларға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Николай Подгузовтың айтуынша, ЕАДБ серіктестермен және көпжақты ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, сондай-ақ өздері ұйымдастыратын халықаралық іс-шаралар арқылы Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инвестиция тарту ісіне белсенді атсалысуға ниетті.
Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Еуразиялық даму банкі – инвестициялық қызметін Еуразия кеңістігінде жүргізетін көпжақты даму банкі. Оның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылы ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 305 жоба енді. Банк өз жұмысында көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграцияға тиімді әсер ететін жобаларға басымдық береді.