https://sputnik.kz/20250415/eaeo-iranmen-erkin-sauda-zhasauga-dayyndalyp-zhatyr-52506785.html
ЕАЭО Иранмен еркін сауда жасауға дайындалып жатыр
ЕАЭО Иранмен еркін сауда жасауға дайындалып жатыр
Sputnik Қазақстан
2025 жылдың 15 мамырында еуразиялық бестік елдері мен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісім күшіне енеді 15.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-15T14:30+0500
2025-04-15T14:30+0500
2025-04-15T14:30+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_4adb35cf617af745e47ce0ada7d2d2a2.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия мемлекеттік органдардың, іскерлік қауымдастықтардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің Иран нарығына шығару мәселелерін талқылады.Құжатта қарастырылған артықшылықтар ауыл шаруашылығы өнімдерінің 67 пайызын қамтиды, бұл ЕАЭО-ның Иранға ауыл шаруашылығы экспортының 98 пайызын құрайды.ЕЭК сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиковтың айтуынша, құжат "ЕАЭО бизнесі Иран нарығына шығуы үшін бірегей тарифтік шарттарды жасайды".Сонымен бірге келісімнің санитарлық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдану бөлігі жетілдірілді, деп атап өтті департамент директоры Владимир Синкевич."ЕАЭО қауіпсіздік талаптарын белгілейтін санитарлық шаралар саласындағы нормативтік құқықтық базаны әзірледі... ЕАЭО заңнамасына сәйкес үшінші елдердің, соның ішінде Иранның өнімдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарығына шығады", - деді Синкевич.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_b5f210999a729a0779cdcac807f8100e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО Иранмен еркін сауда жасауға дайындалып жатыр
2025 жылдың 15 мамырында еуразиялық бестік елдері мен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісім күшіне енеді
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия мемлекеттік органдардың, іскерлік қауымдастықтардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің Иран нарығына шығару мәселелерін талқылады.
Құжатта қарастырылған артықшылықтар ауыл шаруашылығы өнімдерінің 67 пайызын қамтиды, бұл ЕАЭО-ның Иранға ауыл шаруашылығы экспортының 98 пайызын құрайды.
"Сауда режимін ырықтандыру Иран тарапының тарифтерді қорғау деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді: Иранның барлық ауылшаруашылық тауарлары номенклатурасы бойынша орташа ең қолайлы жағдай режимінің мөлшерлемесі 30%-дан 14%-ға дейін төмендейді", - делінген ЕЭК мәлімдемесінде.
ЕЭК сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиковтың айтуынша, құжат "ЕАЭО бизнесі Иран нарығына шығуы үшін бірегей тарифтік шарттарды жасайды".
Сонымен бірге келісімнің санитарлық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдану бөлігі жетілдірілді, деп атап өтті департамент директоры Владимир Синкевич.
"ЕАЭО қауіпсіздік талаптарын белгілейтін санитарлық шаралар саласындағы нормативтік құқықтық базаны әзірледі... ЕАЭО заңнамасына сәйкес үшінші елдердің, соның ішінде Иранның өнімдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарығына шығады", - деді Синкевич.