https://sputnik.kz/20250415/3-zhane-5-mamyrda-astanada-zhenis-sheruine-basty-dayyndyq-otedi-52512824.html
3 және 5 мамырда Астанада Жеңіс шеруіне басты дайындық өтеді
3 және 5 мамырда Астанада Жеңіс шеруіне басты дайындық өтеді
Sputnik Қазақстан
Бас қалада дала лагері құрылды 15.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-15T17:53+0500
2025-04-15T17:53+0500
2025-04-15T17:53+0500
елорда тынысы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52499557_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8ab894f1bd71b4665a4485a165493395.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Астанада 3-5 мамырда Жеңіс шеруінің басты дайындығы өтеді.Ауқымды шараға дайындық қазір қызу жүріп жатыр. ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев дайындық туралы айтып берді.Әскери қызметкерлер де парадқа қатысатындарына қуанышты екенін мақтанышпен айтты.Қазіргі уақытта дайындық барысында анықталған кемшіліктер пысықталып, парад есептоптарының жұмысын үйлестіру жетілдіріліп жатыр, деді Көшекбаев.Жеңіс шеруіне қатысу үшін өңірлерден арнайы келген әскери қызметкерлер үшін қала сыртында да дала лагері жасақталды."Қару-жарақ техникасы жарамды және тексерілді. Сырлау жұмыстарын аяқтап, қазіргі кезеңде қару-жарақ пен әскери техника үлгілері бойынша топтарды үйлестіріп, механикаландырылған колонналардың кешенді оқу-жаттығуын жүргізіп жатырмыз. Осы кезеңде жеке құрам толық дайындықтан өтті", - деді бас қолбасшы.30 сәуірге дейін топтар толығымен үйлестіріледі. 3 және 5 мамырда "Қазақ елі" алаңында басты дайындық өтеді.Еске салайық, Қазақстанда 2019 жылдан бері Жеңіс шеруі өткізілмеген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52499557_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_29b356c67739577ceebf2f82b1e21e62.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
3 және 5 мамырда Астанада Жеңіс шеруіне басты дайындық өтеді
Бас қалада дала лагері құрылды
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Астанада 3-5 мамырда Жеңіс шеруінің басты дайындығы өтеді.
Ауқымды шараға дайындық қазір қызу жүріп жатыр. ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев дайындық туралы айтып берді.
"Парадқа дайындық жоспардағыдай жүріп жатыр. Бүгін біз дайындықтың екінші кезеңіндеміз. Парадқа дайындық аймағына техника, қару-жарақ, жеке құрам толық жетті. Бүгінгі таңда дайындықтың жеке құрамы 90 пайызды құрайды. Барлық дерлік үйлестіру мәселелері пысықталды", - деді Көшекбаев.
Әскери қызметкерлер де парадқа қатысатындарына қуанышты екенін мақтанышпен айтты.
"Қазақстан Республикасын осындай іс-шарада таныстыратынымды мақтан тұтамын. Бой, дене бітімі, физикалық дайындық секілді қатаң іріктеуден өттік. Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге қатысатыныма қуаныштымын", - деп бөлісті БТР-80 жүргізушісі, 25 744 әскери бөлімінен келген әскер қызметкер Михаил Соболевский.
Қазіргі уақытта дайындық барысында анықталған кемшіліктер пысықталып, парад есептоптарының жұмысын үйлестіру жетілдіріліп жатыр, деді Көшекбаев.
Жеңіс шеруіне қатысу үшін өңірлерден арнайы келген әскери қызметкерлер үшін қала сыртында да дала лагері жасақталды.
"Қару-жарақ техникасы жарамды және тексерілді. Сырлау жұмыстарын аяқтап, қазіргі кезеңде қару-жарақ пен әскери техника үлгілері бойынша топтарды үйлестіріп, механикаландырылған колонналардың кешенді оқу-жаттығуын жүргізіп жатырмыз. Осы кезеңде жеке құрам толық дайындықтан өтті", - деді бас қолбасшы.
30 сәуірге дейін топтар толығымен үйлестіріледі. 3 және 5 мамырда "Қазақ елі" алаңында басты дайындық өтеді.
Еске салайық, Қазақстанда 2019 жылдан бері Жеңіс шеруі өткізілмеген.