Жетісу облысында 1500-ден астам тыл ардагерін дәрігерлер тексереді
© Photo : пресс-служба акима Жетысуской областиДәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады

© Photo : пресс-служба акима Жетысуской области
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Жетісу облысында денсаулық айлығы аясында 1500-ден астам тыл ардагеріне дәрігерлер барады, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Тегін медициналық тексерулер мен консультациялық-диагностикалық көмек емханаларда да, үйде де ұйымдастырылуда. Дәрігерлердің мобильді бригадалары аталған шарада 1500 астам тыл ардагерін қамтуды жоспарлап отыр.
© Photo : пресс-служба акима Жетысуской областиДәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады

Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады
© Photo : пресс-служба акима Жетысуской области
Мәселен, жуырда құрамында хирург, терапевт және невропатолог мамандары бар медициналық бригада Ескелді ауданы Жетісу ауылында тұратын тыл еңбеккері Балшекер Тайжановаға барды.
Жасы ұлғайғандықтан ардагерге ауруханаға бару қиынға соғады. Сондықтан медицина қызметкерлері тұрақты түрде үйде көмек көрсетеді.
"Біз ардагерге жылына бірнеше рет келіп тұрамыз. Ол үлгілі пациент, біздің айтқан ақыл-кеңестерімізді әрдайым уақтылы орындайды", - дейді Ескелді ауданының орталық аудандық ауруханасының меңгерушісі Саят Тікенбаев.
Жас кезінде Балшекер апа қызылша алқабында жұмыс істеді. Кейін сауыншы болып, күніне 44 сиыр сауды, мал бақты. Лайықты демалысқа шыққаннан кейін ол туған ауданының дамуына, жастарды тәрбиелеуге үлес қосуын жалғастырды. Көп балалы ана жұбайымен бірге жеті бала тәрбиелеп өсірді. Қазір 22 немересі, 44 шөбересі бар.
"Менің басты қағидатым – адал еңбек ету, сол арқылы лайықты өмір сүру. Тек сонда ғана біз адамгершілікті сақтап, ізгі қасиеттерді болашақ ұрпаққа жеткізе аламыз. Мемлекетіміздің бізге, қарттарға қамқор болғаны өте жақсы. Жылы сөзге, жайдары көңілге не жетсін", - деді ол.
© Photo : пресс-служба акима Жетысуской области
Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады

Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады
© Photo : пресс-служба акима Жетысуской области
Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады

Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады
© Photo : пресс-служба акима Жетысуской области
Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады

Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады
Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады
Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады
Дәрігерлер тыл ардагерлерін үйінде қарады
Биыл өңірде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген 3 215 адамға біржолғы материалдық көмек көрсетуге 393,8 млн теңге бөлінді. Бұл ретте майдангерлерге 5 млн теңгеден төленеді. Жанқиярлық еңбегі үшін берілген наградалары бар тыл қызметкерлеріне 100 мың теңгеден төленеді.
Материалдық қолдаудан басқа ҰОС қатысушылары мен мүгедектері үшін коммуналдық шығындарға ай сайынғы өтемақы түрінде жеңілдіктер беріледі, ардагерлер техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ жылына бір рет тегін санаторлық-курорттық жолдамалар алады. Атап айтқанда, биыл өңірде 243 ардагерге санаторлық-курорттық емделуге 50 млн теңге бөлінді.
Жалпы Жетісу облысында Ұлы Отан соғысына тікелей қатысушы 2 ардагер бар. Олар Төлеубай Чектыбаев пен Ысқақ Құсайынов, ардагерлер бүгінде 100 жастан асты. Сол сияқты 1598 тыл еңбеккері тұрады.