https://sputnik.kz/20250414/zhenistin-80-zhyldygy-maskeuden-qazaqstandyq-zhauyngerdin-suyegi-zhiberiledi-52475312.html
Жеңістің 80 жылдығы: Мәскеуден қазақстандық жауынгердің сүйегі жіберіледі
Жеңістің 80 жылдығы: Мәскеуден қазақстандық жауынгердің сүйегі жіберіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп... 14.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-14T19:35+0500
2025-04-14T19:35+0500
2025-04-14T19:35+0500
қазақстан
ресей елшілігі
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52475152_0:21:1280:741_1920x0_80_0_0_b917c88d5054070dbca23490cbac41d6.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады елшіліктің ресми сайты.Оны өткен жылдың күзінде Новгород облысында жергілікті "Медведь" және "Находка" іздестіру жасақтары тапқан. Жауынгердің медальонында сақталған жазбаларға сәйкес, иесі - Семей облысының тумасы, 1908 жылы туған Оразғали Белубаев. Ол 1943 жылы тамыз айында Старая Русса қаласын азат ету шайқасында қаза тапқан. Осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында болды.Новгородтық "Медведь" іздестіру жасағының командирі Игорь Туманың айтуынша, кей кезде қаза тапқандардың жеке басын анықтау мүмкін болмай жатады.Елшіліктегі шара кезінде мұсылман дәстүрі бойынша жаназа оқылды. Жақын арада Оразғали Белубаевтің сүйегі Отанына жеткізіліп, құрметпен қайта жерленетін болады.Бүгінде қазақстандық іздестірушілер де Ресей жыл сайын барып, Ұлы Отан соғысынан бері із-түзсіз кеткен жауынгерлерді іздеуге атсалысып отырады.Қазақстандық және ресейлік іздестіру жасақтарының бірлескен жұмысы жалғаса береді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52475152_133:0:1149:762_1920x0_80_0_0_2af384353e7d2aaf0b5557b4ae2c1d17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей елшілігі
қазақстан, ресей елшілігі
Жеңістің 80 жылдығы: Мәскеуден қазақстандық жауынгердің сүйегі жіберіледі
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады елшіліктің
ресми сайты.
Оны өткен жылдың күзінде Новгород облысында жергілікті "Медведь" және "Находка" іздестіру жасақтары тапқан. Жауынгердің медальонында сақталған жазбаларға сәйкес, иесі - Семей облысының тумасы, 1908 жылы туған Оразғали Белубаев. Ол 1943 жылы тамыз айында Старая Русса қаласын азат ету шайқасында қаза тапқан. Осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында болды.
Новгородтық "Медведь" іздестіру жасағының командирі Игорь Туманың айтуынша, кей кезде қаза тапқандардың жеке басын анықтау мүмкін болмай жатады.
"Бірақ осы жолы заманауи технологиялардың көмегімен медальондағы жазбалар оқылып, қазақстандық жауынгердің туыстары да табылды", - дейді Игорь Тума.
Елшіліктегі шара кезінде мұсылман дәстүрі бойынша жаназа оқылды. Жақын арада Оразғали Белубаевтің сүйегі Отанына жеткізіліп, құрметпен қайта жерленетін болады.
Бүгінде қазақстандық іздестірушілер де Ресей жыл сайын барып, Ұлы Отан соғысынан бері із-түзсіз кеткен жауынгерлерді іздеуге атсалысып отырады.
"еңбегі – Отанына, туыстары мен жақындарына қайтарылған жүзден астам есімдер. Ортақ тарихымыздың ұмытылмас беттері мен Ұлы Жеңіс біздің мәңгі есімізде!" – деді Новгород облысы губернаторының орынбасары Илья Маленко
Қазақстандық және ресейлік іздестіру жасақтарының бірлескен жұмысы жалғаса береді.