Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты Байденнің соғысы деп атады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуПрезидент США Трамп объявил о введении пошлин на продукцию других стран
Президент США Трамп объявил о введении пошлин на продукцию других стран - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден бастаған соғыс деп атады, ол көптеген адамның өмірін сақтап қалу үшін оны тоқтатуға тырысатынын мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
"Бұл Байденнің соғысы. Менің соғысым емес. Бұл Байден кезінде болған соғыс... Мен көп адамның өмірін сақтап қалу үшін жай ғана оны тоқтатуға тырысып жатырмын", - деді Америка басшысы Ақ үй пулының журналистеріне.
Бұған дейін Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесіне қатысты жақын арада жаңалық болатынын хабарлады.
Жұма күні Дональд Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткофф Ресейге үшінші рет ұшып келді. Ол Санкт-Петербургтегі Президенттік кітапханада президент Владимир Путинмен кездесті. Олардың келіссөзі 4,5 сағатқа созылды. Кремль сайтында хабарланғандай, кездесу Украинадағы қақтығысты реттеу аспектілеріне арналды. Сонымен бірге президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Уиткоффтың Санкт-Петербургке сапарының қорытындысы бойынша серпінді нәтиже күтпеуге шақырды.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысын шешудің келешегі туралы айтты
Жаңалықтар
0