https://sputnik.kz/20250414/shygys-qazaqstanda-tauligine-30-tonna-onim-ondiretin-sut-ondeu-zauyty-iske-qosyldy--52447501.html
Шығыс Қазақстанда тәулігіне 30 тонна өнім өндіретін сүт өңдеу зауыты іске қосылды
Шығыс Қазақстанда тәулігіне 30 тонна өнім өндіретін сүт өңдеу зауыты іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Зауытта күн сайын 2–2,5 тонна сүт өңделіп, табиғи өнімдер: айран, сүзбе және қаймақ шығарылады 14.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-14T10:55+0500
2025-04-14T10:55+0500
2025-04-14T10:55+0500
шығыс қазақстан
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52447704_0:99:1280:819_1920x0_80_0_0_b1c1ba35657e9f5cf93ca34227aae984.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында бұрынғы май зауытының базасында жаңа сүт өңдеу кәсіпорны іске қосылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.Өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 30 тонна сүт. Кәсіпорын заманауи технологиямен жабдықталған. Атап айтқанда, төрт ашытқы қайнатқышы, сүзбе ваннасы, пастерлеу құрылғысы және сүтті толық өңдеу циклін қамтамасыз ететін басқа да жүйелер орнатылған. Сондай-ақ тәулігіне 29 тонна сүт қабылдайтын пункт мен шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтардан күніне 2,5 тонна шикізат қабылдайтын қосымша орын ашылған. 2026 жылы қышқыл сүт өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту, ірімшік цехын іске қосу және оны ретке келтіру, май өндіру цехын жаңғырту жоспарланса, 2027 жылы қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылмақ. 2028 жылы толық өндірістік қуатқа шығу көзделген. "Кадрлық стратегия аясында "Сивер+" серіктестігі Шемонаиха колледжімен дуалды оқыту шеңберінде – технологтар мен техникалық бағыттағы қызметкерлерді дайындау бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасаспақ", - дейді министрлік. Бұл кәсіпорынның тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
https://sputnik.kz/20250116/qazaqstanda-zhogary-tekhnologiyalyq-dron-ondiretin-kasiporyn-salynady-50023165.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0e/52447704_28:0:1252:918_1920x0_80_0_0_78d96778e4eca76b3f5c078fc1877e8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, зауыт
Шығыс Қазақстанда тәулігіне 30 тонна өнім өндіретін сүт өңдеу зауыты іске қосылды
Зауытта күн сайын 2–2,5 тонна сүт өңделіп, табиғи өнімдер: айран, сүзбе және қаймақ шығарылады
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында бұрынғы май зауытының базасында жаңа сүт өңдеу кәсіпорны іске қосылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 30 тонна сүт. Кәсіпорын заманауи технологиямен жабдықталған. Атап айтқанда, төрт ашытқы қайнатқышы, сүзбе ваннасы, пастерлеу құрылғысы және сүтті толық өңдеу циклін қамтамасыз ететін басқа да жүйелер орнатылған. Сондай-ақ тәулігіне 29 тонна сүт қабылдайтын пункт мен шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтардан күніне 2,5 тонна шикізат қабылдайтын қосымша орын ашылған.
"Қазіргі кезеңде күн сайын 2–2,5 тонна сүт өңделіп, "Nastole" сауда белгісімен табиғи өнімдер – айран, сүзбе және қаймақ шығарылады. 2025 жылдың басынан бастап бұл өнімдер Қарағанды облысындағы сауда желілерінде сатылып, Семей, Жетісу, Алматы және ШҚО өңірлеріндегі әскери бөлімдерге жеткізілуде. Өндірісті кезең-кезеңімен дамыту жоспарда бар", - делінген хабарламада.
2026 жылы қышқыл сүт өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту, ірімшік цехын іске қосу және оны ретке келтіру, май өндіру цехын жаңғырту жоспарланса, 2027 жылы қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылмақ. 2028 жылы толық өндірістік қуатқа шығу көзделген.
"Кадрлық стратегия аясында "Сивер+" серіктестігі Шемонаиха колледжімен дуалды оқыту шеңберінде – технологтар мен техникалық бағыттағы қызметкерлерді дайындау бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасаспақ", - дейді министрлік.
Бұл кәсіпорынның тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.