Қазақ тілін үйрететін Telegram-бот іске қосылды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақ тілін үйрететін Telegram-бот іске қосылды
Қазақ тілін үйрететін Telegram-бот іске қосылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жазылу
Чат-ботта қазақ тілін меңгерудің төрт деңгейін қамтитын 100 сағаттық оқу бағдарламасы мен іс жүргізу курстары бар
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Алматы облысында мемлекеттік тілді қашықтан үйренуге мүмкіндік беретін "TilOquBot" атты Telegram-бот іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Чат-ботта қазақ тілін меңгерудің төрт деңгейін қамтитын 100 сағаттық оқу бағдарламасы мен іс жүргізу курстары бар. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Данияр Ахметовтың айтуынша, қазірдің өзінде чат-ботқа 3 146 адам тіркелген. Олардың 58 пайызы облыстың шалғай аудандарында тұрады.
"TilOquBot" өзінің тиімділігін дәлелдеді: енді ең шалғай ауыл тұрғындарының өзі ыңғайлы форматта білім ала алады. Бұл – цифрлық трансформация жағдайында ерекше маңызды. Бүгінде тіл – тек дәстүр мен мәдениеттің көрінісі ғана емес, сонымен қатар технология, жаңа форматтар мен жастардың әлемі. "TilOquBot" – осы заман талабына сай келетін, құндылықтар мен тілді ұштастыратын тамаша мысал", – дейді Ахметов.
Облыста тілдер фестиваліне дайындық шаралары да басталып кетті. Соның аясында түрлі байқаулар, үздік оқытушылар мен белсенділерді марапаттау, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған креативті жобаларды қолдау жоспарланып отыр.
Ал қыркүйек айында Ұйғыр ауданында тіл фестивалінің қорытындысы шығарылады. Алты номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға 300 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар табысталады.
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2024
Алматыда қазақ тілі кіріктірілген мультимедиялық жүйелер шығарылады
Жаңалықтар
0