https://sputnik.kz/20250414/ministrlik-ulttyq-quramany-olimpiadaga-dayyndau-zhosparyn-bekitti-52437194.html
Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті
Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті
Sputnik Қазақстан
Жоғары жетістіктер спортына арналған спорт нысандары жергілікті атқарушы органдардан министрлік қарамағына беріледі 14.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-14T08:01+0500
2025-04-14T08:01+0500
2025-04-14T08:11+0500
спорт
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/396/44/3964486_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_e3c7e15f72d2a761ff81feeec72df1c9.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа жарыстарға дайындалуға тиісті жағдайдың жасалмауына қатысты жағдайды біледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Жүргізіліп жатқан реформаның негізінде жоғары жетістіктер спортына арналған спорт нысандары жергілікті атқарушы органдардан министрлік қарамағына беріледі.Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында медаль алуға үміткер спортшыларды анықтады. Олардың әрқайсысына, соның ішінде Михаил Шайдоровқа, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктелді:Бұған қоса, спортшыларды дайындау жүйесіне кіретін басқа да мекемелер жұмысқа тартылған.Министрлік Олимпиадаға дайындық жоспарына енгізілген әрбір спортшыны, оның тұрғылықты жеріне немесе тіркелген мекенжайына қарамастан, қажетті қолдаумен қамтамасыз ете береді.
https://sputnik.kz/20250330/mikhail-shaydorov--manerlep-syrganaudan-alem-chempionatynyn-kumis-zhuldegeri-atandy-52051742.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/396/44/3964486_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7b5bf25e54797e05d59b144b5bfa3164.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада ойындары
Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті
08:01 14.04.2025 (жаңартылды: 08:11 14.04.2025) Жоғары жетістіктер спортына арналған спорт нысандары жергілікті атқарушы органдардан министрлік қарамағына беріледі
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа жарыстарға дайындалуға тиісті жағдайдың жасалмауына қатысты жағдайды біледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жүргізіліп жатқан реформаның негізінде жоғары жетістіктер спортына арналған спорт нысандары жергілікті атқарушы органдардан министрлік қарамағына беріледі.
Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында медаль алуға үміткер спортшыларды анықтады. Олардың әрқайсысына, соның ішінде Михаил Шайдоровқа, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктелді:
Спортты дамыту дирекциясы (СДД) — жеке дайындық жоспарының орындалуын бақылап, барлық қатысушы тараптардың өзара әрекетін үйлестіреді;
Спорт федерациялары — білікті жаттықтырушылар құрамы, халықаралық жиындарға қатысу және қажетті жарыс тәжірибесімен қамтамасыз етеді;
Өңірлік әкімдіктер — спортшылардың тұру, тамақтану және жаттығу үдерістеріне базалық жағдай жасауға тиіс;
Спорттық медицина және оңалту орталығы (СМОО) — медико-биологиялық қолдауды, оңалтуды және спортшылардың жағдайын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;
Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу — дайындық бағдарламаларының тиімділігін бағалап, тиісті ұсыныстар береді.
Бұған қоса, спортшыларды дайындау жүйесіне кіретін басқа да мекемелер жұмысқа тартылған.
Министрлік Олимпиадаға дайындық жоспарына енгізілген әрбір спортшыны, оның тұрғылықты жеріне немесе тіркелген мекенжайына қарамастан, қажетті қолдаумен қамтамасыз ете береді.