Микроқаржы ұйымының басшысынан екі коттедж бен қымбат көліктер тәркіленді

CC0 / / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жазылу
Жүздеген адамға келген шығынның сомасы 30 млрд теңгеден асып отыр
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Алматыда микроқаржы ұйымын ұйымдастырушы қамауға алынды. Одан екі коттедж бен қымбат көліктер тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі кезде заңсыз схеманы ұйымдастырғандардың 32 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды.
"Creditum", "Sofi Finance", "Hava Finance", SF Offline, "POS Credit", "Сәлем Кредит" сияқты микроқаржы ұйымдарының басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр. Жүздеген адамға келген шығынның сомасы 30 млрд теңгеден асып отыр.
"Төлем мерзімін өткізіп алған қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компанияларымен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған. Ал кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда қарастырылған. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Соның нәтижесінде қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеп жүрді", - дейді агенттік мамандары.
Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды.
МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды. Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды.
Айта кетері, бұған дейін Алматы қаласында алты микроқаржы ұйымының заңсыз қызметі әшкереленген болатын. Алтауы бір құрылым ретінде жұмыс атқарған. Барлығы бір кеңсені пайдаланған. Ол жерде 200-ден астам қызметкер жұмыс істепті. Ал олардың жұмысын шетелдік азаматтар бақылаған.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2025
Алматыда алты заңсыз микроқаржы ұйымы анықталды – 300-ден астам адам зардап шеккен
Жаңалықтар
0