https://sputnik.kz/20250414/ishki-ister-ministrligi-ata-analarga-undeu-zhasady-52444874.html
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Ұсталғандардың арасында колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар 14.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-14T09:46+0500
2025-04-14T09:46+0500
2025-04-14T09:46+0500
ата-ана
есірткі
үндеу
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0a/50733278_0:82:800:533_1920x0_80_0_0_ff7fc571026b30000e8a5d8d53d28aa5.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Биыл үш айда есірткі қылмысы үшін 23 жасөспірім ұсталды. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген."Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында есірткіні, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Тек бірлесіп қана біз есірткісіз қауіпсіз қоғамды құра аламыз", - деп түйіндеді Әлжанов.
https://sputnik.kz/20250413/zhezqazganda-esirtki-zharnamalagan-zhigit-sottalyp-ketti-52436546.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0a/50733278_50:0:761:533_1920x0_80_0_0_b09d8221896c11ac561c638aaf8859a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ата-ана, есірткі, үндеу
Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады
Ұсталғандардың арасында колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Биыл үш айда есірткі қылмысы үшін 23 жасөспірім ұсталды. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды
Polisia.kz. "Биыл үш айда бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды. Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар. Естеріңізге сала кетейік, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
"Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында есірткіні, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Тек бірлесіп қана біз есірткісіз қауіпсіз қоғамды құра аламыз", - деп түйіндеді Әлжанов.