Алматы облысында 1 сәуір сот залынан қашқан күдікті ұсталды

© Photo : Алматы облысының полициясыСот залынан қашқан күдікті ұсталды
Сот залынан қашқан күдікті ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жазылу
Ол адам зорлау әрекеті бойынша айыпталған болатын
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысының полициясы.
Іздестіру шаралары басталған сәттен облыс полициясы және Ұлттық ұлан күштері толық жұмылдырылды. Көршілес облыстардың аумақтық бөлімшелері де іздеу жұмыстарына тартылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, полицейлер оның жасырынған жерін тапты. Арнайы бөлім сарбаздарының күшімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Алматы облысының полициясы.

Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек, қамаудан қашқаны үшін қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды.
Еске сала кетейік, 1 сәуірде Алматы облысындағы Қарасай аудандық сотында 30 жастағы күдікті сот ғимаратынан қашып кеткен. Ол адам зорлау әрекеті бойынша айыпталды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, осы іс бойынша тәртіп сақшылары да тергеуге алынған болатын.
Сот залынан қашып кеткен күдікті: полицейлер тергеуге алынды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Күдікті сот залынан қашып кетті - полицейлер тергеуге алынды
Жаңалықтар
0