https://sputnik.kz/20250414/air-astana-atyrau-men-baku-arasynda-tikeley-reysterdi-iske-qosady-52471806.html
"Air Astana" Атырау мен Баку арасында тікелей рейстерді іске қосады
"Air Astana" Атырау мен Баку арасында тікелей рейстерді іске қосады
Sputnik Қазақстан
Рейстер апта сайын үш рет Airbus A320/A321 әуе кемелерімен орындалады 14.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-14T16:37+0500
2025-04-14T16:37+0500
2025-04-14T16:37+0500
ұшақ
әзербайжан
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48363617_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f6da631ceb7c90a08869e341b2960cf7.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. 31 мамырдан бастап "Air Astana" әуе компаниясы Атырау-Баку бағытында тікелей тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлады компанияның бапсасөз қызметі.Рейстер апта сайын үш рет Airbus A320/A321 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу уақыты Атыраудан Бакуға дейін 1 сағат 25 минут, ал кері бағытта 1 сағат 35 минутты құрайды.KC277 рейсі Атыраудан дүйсенбі және сенбі күндері 18:30-да ұшып шығып, Баку қаласына 18:55-те келіп қонады, ал сәрсенбі күндері 21:35-те ұшып шығып, 22:00-де жетеді.Бакудан Атырауға кері рейс KC278 дүйсенбі және сенбі күндері 19:55-те ұшып шығып, 22:30-да қонады. Ал сәрсенбі күндері 23:00-де ұшып шығып, келесі күні 01:35-те жетеді.Билеттерді airastana.com ресми сайтынан, Air Astana мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ аккредиттелген онлайн және офлайн туристік агенттіктер арқылы алуға болады. Барлық салықтар мен алымдарды қосқанда, екі жаққа билет бағасы эконом-класста 96 527 теңгеден, бизнес-класста 278 681 теңгеден басталады.Компаниядағылар Қазақстан азаматтары Әзербайжанда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алатынын еске салды.
https://sputnik.kz/20250206/astana--deli-arasynda-zhana-aue-reysi-ashylady-50604599.html
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48363617_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8fb521baebf02ef3cc3211dacd0a1816.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, әзербайжан
"Air Astana" Атырау мен Баку арасында тікелей рейстерді іске қосады
Рейстер апта сайын үш рет Airbus A320/A321 әуе кемелерімен орындалады
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. 31 мамырдан бастап "Air Astana" әуе компаниясы Атырау-Баку бағытында тікелей тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлады
компанияның бапсасөз қызметі.
Рейстер апта сайын үш рет Airbus A320/A321 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу уақыты Атыраудан Бакуға дейін 1 сағат 25 минут, ал кері бағытта 1 сағат 35 минутты құрайды.
KC277 рейсі Атыраудан дүйсенбі және сенбі күндері 18:30-да ұшып шығып, Баку қаласына 18:55-те келіп қонады, ал сәрсенбі күндері 21:35-те ұшып шығып, 22:00-де жетеді.
Бакудан Атырауға кері рейс KC278 дүйсенбі және сенбі күндері 19:55-те ұшып шығып, 22:30-да қонады. Ал сәрсенбі күндері 23:00-де ұшып шығып, келесі күні 01:35-те жетеді.
Билеттерді airastana.com ресми сайтынан, Air Astana мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ аккредиттелген онлайн және офлайн туристік агенттіктер арқылы алуға болады. Барлық салықтар мен алымдарды қосқанда, екі жаққа билет бағасы эконом-класста 96 527 теңгеден, бизнес-класста 278 681 теңгеден басталады.
Компаниядағылар Қазақстан азаматтары Әзербайжанда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алатынын еске салды.