https://sputnik.kz/20250414/53-qazandyq-zhondeledi-kelesi-zhylytu-mausymyna-dayyndyq-zhumystary-bastaldy-52442668.html
"53 қазандық жөнделеді": келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды
"53 қазандық жөнделеді": келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды
Sputnik Қазақстан
2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең аяқталды 14.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-14T08:52+0500
2025-04-14T08:52+0500
2025-04-14T08:52+0500
үкімет
жылу беру маусымы
жылу
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46538753_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_188a25f33bc051a5c7292d16cfcdffd9.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанда келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Аталған жұмыстар аясында 10 энергетикалық блок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жұмыстары жоспарланған, кейбір жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр.Орталықтандырылған жылумен қамту аймағындағы 66 жылу орталығында 53 қазандықты жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жоспарланған.Күн жылынған соң 17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу құбырын жаңарту жұмыстары басталады.Генерация саласында 7,3 ГВт жаңа қуат енгізу, оның ішінде қолданыстағы стансаларды жаңарту және жаңа стансалар салу жоспарлануда. 2029 жылға дейін 29 жобаны аяқтау жоспарланған, бұл электр стансаларының орташа тозуын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.Жаңартылатын энергия көздерін дамыту да басым бағыт болып қала береді: 2024 жылы 153 нысан 7,58 млрд кВт сағ немесе жалпы өндірістің 6,43%-ы өндірді. 8 жаңа станса (163,35 МВт) іске қосылды, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 9 ЖЭК жобасы (455,5 МВт) іске қосылады. Қазірдің өзінде биылғы жылдың ақпан айында Қарағанды облысында "Гиперборея" ЖШС-мен қуаты 50 МВт жел электр стансасы іске қосылды.
https://sputnik.kz/20250407/almatyda-zhylu-10-sauirden-bastap-kezen-kezenimen-oshiriledi-52271430.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/17/46538753_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_baff6043665e6c233e84346ae5523d72.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, жылу беру маусымы, жылу
үкімет, жылу беру маусымы, жылу
"53 қазандық жөнделеді": келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды
2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең аяқталды
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанда келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Аталған жұмыстар аясында 10 энергетикалық блок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жұмыстары жоспарланған, кейбір жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр.
Орталықтандырылған жылумен қамту аймағындағы 66 жылу орталығында 53 қазандықты жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жоспарланған.
Күн жылынған соң 17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу құбырын жаңарту жұмыстары басталады.
"Ұлттық энергетиканы жаңғырту ұлттық жобасы аясында жалпы бюджеті 4 трлн теңге болатын 77,5 мың шақырым электр желілері мен 1,6 мың шақырым жылу желілері жаңартылады. 2029 жылға дейін бұл электр желілерінің тозуын 45%-ға, жылу желілерінің тозуын 42%-ға төмендетуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Генерация саласында 7,3 ГВт жаңа қуат енгізу, оның ішінде қолданыстағы стансаларды жаңарту және жаңа стансалар салу жоспарлануда. 2029 жылға дейін 29 жобаны аяқтау жоспарланған, бұл электр стансаларының орташа тозуын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту да басым бағыт болып қала береді: 2024 жылы 153 нысан 7,58 млрд кВт сағ немесе жалпы өндірістің 6,43%-ы өндірді. 8 жаңа станса (163,35 МВт) іске қосылды, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 9 ЖЭК жобасы (455,5 МВт) іске қосылады. Қазірдің өзінде биылғы жылдың ақпан айында Қарағанды облысында "Гиперборея" ЖШС-мен қуаты 50 МВт жел электр стансасы іске қосылды.