https://sputnik.kz/20250413/totenshe-zhagdaylar-ministri-saran-shakhtasyna-tusti-52429208.html
Төтенше жағдайлар министрі "Саран" шахтасына түсті
Төтенше жағдайлар министрі "Саран" шахтасына түсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында "Qarmet" АҚ-ға қарасты "Саран" шахтасына барды, деп хабарлады... 13.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-13T11:56+0500
2025-04-13T11:56+0500
2025-04-13T12:00+0500
министрлік
шахта
қарағанды
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0d/52428043_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c6a6725e19ef373b9f23a012fddb7a65.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында "Qarmet" АҚ-ға қарасты "Саран" шахтасына барды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Шыңғыс Әрінов компания шахталарында енгізілген позициялау жүйесімен танысты. Бұл заманауи технологиялық шешімдер кеншілердің нақты уақыт режимінде орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін аса маңызды.Министр "Саран" шахтасына түсіп, 540 метрлік горизонтта орналасқан көмір қазу комбайнының жұмысын көріп, кеншілердің еңбек жағдайымен танысты.Министр көмір департаментінің диспетчерлік-аналитикалық орталығының жұмысына ерекше назарды аударды. Бұл жерде шахталардың жағдайы тәулік бойы бақыланып, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің сақталуы тексеріледі және төтенше жағдайлар кезінде жедел басқару жүзеге асырылады.Жұмыс сапарының жалғасында Шыңғыс Әрінов "Qarmet" АҚ Болат департаментіне қарасты ыстық мырыштау және алюминийлеу цехының жұмысымен танысты. Сонымен қатар министр өндірістік процестер мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қарап шықты.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0d/52428043_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_558734302a3fe19cf139eaaeb79ebf13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, шахта, қарағанды
министрлік, шахта, қарағанды
Төтенше жағдайлар министрі "Саран" шахтасына түсті
11:56 13.04.2025 (жаңартылды: 12:00 13.04.2025) АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында "Qarmet" АҚ-ға қарасты "Саран" шахтасына барды, деп хабарлады
ведомствоның баспасөз қызметі.
Шыңғыс Әрінов компания шахталарында енгізілген позициялау жүйесімен танысты. Бұл заманауи технологиялық шешімдер кеншілердің нақты уақыт режимінде орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін аса маңызды.
Министр "Саран" шахтасына түсіп, 540 метрлік горизонтта орналасқан көмір қазу комбайнының жұмысын көріп, кеншілердің еңбек жағдайымен танысты.
Министр көмір департаментінің диспетчерлік-аналитикалық орталығының жұмысына ерекше назарды аударды. Бұл жерде шахталардың жағдайы тәулік бойы бақыланып, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің сақталуы тексеріледі және төтенше жағдайлар кезінде жедел басқару жүзеге асырылады.
Жұмыс сапарының жалғасында Шыңғыс Әрінов "Qarmet" АҚ Болат департаментіне қарасты ыстық мырыштау және алюминийлеу цехының жұмысымен танысты. Сонымен қатар министр өндірістік процестер мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қарап шықты.