Шығыс Қазақстанда өртке қарсы күресте дрон қолданылып жатыр

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуДрон басқару пульті
Дрон басқару пульті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2025
Жазылу
Өңірде өрт қаупін тудырған үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпті кезең басталды. Бір ғана тәулік ішінде шөп өртін сөндіруге құтқарушылар шамамен 15 рет аттанған, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Ахуалды тұрақтандыру және халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында от пен құрғақ шөптің жануынан жиі өрт шығатын бау-бақша учаскелерінде профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарды ШҚО ТЖД мен Өскемен қаласының ТЖ басқармасы, ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері және еріктілермен бірлесіп атқарып жатыр.
"Жағдайды бақылау үшін дрон пайдаланылды. Ол биіктен өрт ошағын жедел анықтауға және өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған аумақты тануға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Өңірде өрт қаупін тудырған үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Автомобиль скорой помощи на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2025
Абай облысына бара жатқан елордалық өрт сөндірушілер күтпеген жағдайға тап болды
Жаңалықтар
0