Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Болтон Трамптың неліктен Украинада бейбітшілікке қол жеткізгісі келетінін айтты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуВид на Белый дом в Вашингтоне (округ Колумбия)
Вид на Белый дом в Вашингтоне (округ Колумбия) - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп 2009-2017 жылдары қатарынан екі мерзім АҚШ президенті болған Барак Обамаға берілген Нобель сыйлығын алу үшін Украинада бейбітшілік орнатуға ұмтылып жатыр, деп мәлімдеді Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтон британиялық Sun басылымына берген түсініктемесінде. Бұл туралы РИА новости жазды.
Обама 2009 жылы "халықаралық дипломатия мен халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы күш-жігері үшін" Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын жеңіп алып, Теодор Рузвельт, Вудро Вильсон және Джимми Картерден кейін осы сыйлыққа ие болған төртінші Америка президенті болды.
"Марапатты Барак Обаманың алғаны Трампты әрқашан ашуландыратын, себебі Обама оған лайық емес деген пікірде болды. Трамп: "Егер Обама алған болса, мен неге алмауым керек?" деп ойлайды. Сондықтан ол Украинадағы бітімгершілікті марапат алу үшін қандай да бір негіз ретінде пайдаланғысы келеді", - деді Болтон.
Ақпан айында Трамп бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына лайық екенін мәлімдеді. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның "Чуган Чосон" басылымы Корея Республикасының парламенттік барлау комитеті төрағасының орынбасары Пак Сон Вонның Трампты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынғанын хабарлаған болатын. Бұған дейін Шығыс Тимор президенті Жосе Рамус-Орта Трамп Украинадағы дағдарыс пен Газа секторындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге қол жеткізсе, оны Нобель сыйлығына ұсынуға дайын екенін айтқан. Беларусь президенті Александр Лукашенко да бітімгершілікке шақыратын болса, Трампты Нобель сыйлығына ұсынатынын атап өтті.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысын шешудің келешегі туралы айтты
Жаңалықтар
0