https://sputnik.kz/20250413/atbasar--qima-tas-zholyn-qalpyna-keltiru-zhumystary-bastaldy-52433665.html
"Атбасар – Қима" тас жолын қалпына келтіру жұмыстары басталды
"Атбасар – Қима" тас жолын қалпына келтіру жұмыстары басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Жақсы және Жарқайың аудандарындағы су тасқынына қарсы шараларды тексерді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз... 13.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-13T14:25+0500
2025-04-13T14:25+0500
2025-04-13T14:28+0500
су тасқыны
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0d/52431603_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_61ffeab76bb859617f52ebaa19594531.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Жақсы және Жарқайың аудандарындағы су тасқынына қарсы шараларды тексерді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.Аудандарға сапар барысында өңір басшысы су тасқыны жағдайын бақылауға, бөгеттердің жай-күйіне және жол инфрақұрылымының жағдайына ерекше назар аударды.Жақсы ауданына қарасты Жаңа Қима ауылында облыс әкімі ұзындығы 300 метр, биіктігі 2–3 метр болатын жасанды бөгетті аралап көрді. Былтыр жазда ұзындығы 450 метр, биіктігі 6,5 метр болған бұрынғы үйінді нығайтылып, биыл қосымша бекітіліп, бөгеттің биіктігі 7 метрге жеткізілген. Сонымен қатар, инертті материал салынған 14,3 мың қап төселген.Бөгетті бекіту жұмыстарына ауыл тұрғындары да белсене қатысуда.Облыс әкімінің тапсырмасымен "Атбасар – Қима" облыстық маңызы бар автожолының 51–53 шақырымдарындағы зақымданған учаскелерде қалпына келтіру жұмыстары басталды.Жарқайың ауданында өңір басшысы Державинск қаласы мен Пригородное ауылындағы қорғаныс құрылыстарын қарап, автомобиль көпірінің жағдайымен де танысты.Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстауды және су тасқынына қарсы кешенді шараларды жалғастыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20250314/mektep-bagdarlamasyna-ludomaniyanyn-aldyn-alu-sabagyn-engizu-qazhet--oblys-akimi-51622322.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0d/52431603_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_b10a113ee5c727aa6d33e4814f5d1e5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, әкімдік
"Атбасар – Қима" тас жолын қалпына келтіру жұмыстары басталды
14:25 13.04.2025 (жаңартылды: 14:28 13.04.2025) АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Жақсы және Жарқайың аудандарындағы су тасқынына қарсы шараларды тексерді, деп хабарлады
әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аудандарға сапар барысында өңір басшысы су тасқыны жағдайын бақылауға, бөгеттердің жай-күйіне және жол инфрақұрылымының жағдайына ерекше назар аударды.
Жақсы ауданына қарасты Жаңа Қима ауылында облыс әкімі ұзындығы 300 метр, биіктігі 2–3 метр болатын жасанды бөгетті аралап көрді. Былтыр жазда ұзындығы 450 метр, биіктігі 6,5 метр болған бұрынғы үйінді нығайтылып, биыл қосымша бекітіліп, бөгеттің биіктігі 7 метрге жеткізілген. Сонымен қатар, инертті материал салынған 14,3 мың қап төселген.
Бөгетті бекіту жұмыстарына ауыл тұрғындары да белсене қатысуда.
Облыс әкімінің тапсырмасымен "Атбасар – Қима" облыстық маңызы бар автожолының 51–53 шақырымдарындағы зақымданған учаскелерде қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жарқайың ауданында өңір басшысы Державинск қаласы мен Пригородное ауылындағы қорғаныс құрылыстарын қарап, автомобиль көпірінің жағдайымен де танысты.
Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстауды және су тасқынына қарсы кешенді шараларды жалғастыруды тапсырды.