Су тасқыны: 14 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды

© Photo : ФГКУ РосгранстройРека Берсуат
Река Берсуат - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2025
Жазылу
ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы соңғы мәліметтерді жариялады
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Елімізде су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар өтіп жатыр.
Төтенше жағдайлыар министрлігінің мәліметінше, наурыз айынан бастап 4 млн текше метр су сорылып, 658 мыңнан астам қапшық және 45 мың тоннаға жуық инертті материалдар төселді. Сондай-ақ, 842 мың метрден астам арықтарды тазарту жұмысы жүргізілді.
Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 577 адам, 179 техника, 58 мотопомпалар, 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Су тасқыны қаупі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖМ, ІІМ, жерогілікті атқарушы органдар және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда бірнеше су басқан аумақтар бақылауда. Ақмола облысының Астрахан ауданы Жаңатұрмыс, Колутон, Старый Колутон, Ягодное және Атбасар ауданы А.Құрманов ауылдарында 69 жеке тұрғын үйді, ал Бұланды ауданы Новобратское ауылында 29 аула аумағын су басқан.
Автомобиль жолдарында су басқан 26 және шайылып кеткен 5 учаске бақылауда, 14 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.
Су тасқыны кезеңінде 383 адам эвакуацияланды, оның 10-ы уақытша орналастыру пункттерінде, ал 159 эвакуацияланған адам туыстарына барды, 214 адам үйлеріне оралды.
Қазір төрт аймақ бақылауда: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай облысы. Алайда мұнда су тасқыны мен су басу қаупі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір төмен.
Көптеген өзенде су деңгейі төмендеп жатыр. Ал су тасқынын тудыруы мүмкін қар жамылғысы Шығыс Қазақстан облысының биік таулы аймақтарын қоспағанда, бүкіл аумақта іс жүзінде еріді.
Құтқарушылар су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2025
Ақмола облысында екі ауылдан 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды
Жаңалықтар
0